AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Жер занды негізде

Прокуратура ескертедi: жермен байланысты алаяқтық бар

Жердi сатып алмай тұрып келесiдей жағдайға назар аударыңыз:

Сатушының қолында оның меншiк иесi екендiгiн растайтын 3 құжат болуы керек:

- Жерге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу куәлiгi;

- Меншiк құқығын тiркеуге негiз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу — сату шарты, мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк және т.с.с.);

- Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесiнiң кадастрлық номерi, алаңы және нақты мекенжайы көрсетiлуi тиiс.

Аталған құжаттардың барлығында да меншiк иесi туралы мәлiмет бiрдей болуы керек.

Меншiк иесi жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тiркеу, салық органында есеп тұру куәлiгiн тексерген және Заңды тұлғалардың бiрыңғай тiзiлiмiнен анықтаманы алған жөн.

Сатып алушыдан көбiрек ақша алу мақсатында алаңы үлкенiрек және iс жүзiнде басқа жерде орналасқан жер көрсетiлуi мүмкiн.

Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестiгiн мұқият тексеру керек.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номерi арқылы хабарласа аласыз

Жер учаскелерiн өз бетiмен айналысу және заңсыз салу 

Мақаланы құрған күні 18.08.2016 23:31
Мақаланы жаңартқан күні 19.08.2016 09:37
Қаралым саны: 2820
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы