A- A A+
Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы
Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Тажденова Қорлан Хасенқызы


1967 жылы туған, бiлiмi жоғары, С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттiк педагогикалық институтын орыс тiлi мен әдебиетi мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1984 жылдан бастап Пролетарка бастауыш мектебiнiң бастауыш сынып мұғалiмдiгiнен бастады.

1989 жылы тамыздан бастап 1991 жылғы қыркүйекте Тимашевка орта мектебiнiң орыс тiлi мен әдебиетiнiң мұғалiмi.

1991 жылғы қыркүйектен бастап 1995 жылғы желтоқсанда №6 орта мектебiнiң орыс тiлi мен әдебиетiнiң мұғалiмi.

2000 жылғы қазаннан 2002 жылғы тамызда №9 Атбасар кәсiби лицейiнiң оқытушысы.

2002 жылғы тамыздан 2004 жылғы қыркүйекте Атбасар қаласының №6 орта мектебiнiң тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары.

2004 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы 8тамызда оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары.

2007 жылғы тамыздан 2007 жылғы қазанда Атбасар қаласының №6 орта мектебiнiң директоры.

2007 жылғы қазаннан 2008 жылғы қаңтарда «Атбасар ауданының iшкi саясат бөлiмi» ММ меңгерушiсiнiң мiндетiн атқарушы.

2008 жылғы қаңтардан 2008 жылғы тамызда «Атбасар ауданының iшкi саясат бөлiмi» ММ басшысы.

2008 жылғы тамыздан 2016 жылғы маусымда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары.

2016 жылғы мау8сымнан осы уақытта Атбасар ауданы әкiмi орынбасарының мiндетiн атқарушы.

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен өзге нормативтiк-құқықтық актiлерiн, мемлекеттiк билiктiң жоғары тұрған мемлекеттiк органдарының және аудан әкiмiнiң шешiмдерi, өкiмдерi, қаулыларының орындалуын ұйымдастырады.

Атбасар қаласының, ауылдар мен ауылдық округ әкiмдерiнiң, iшкi саясат бөлiмiнiң, бiлiм бөлiмiнiң, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң, жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестiредi және қызметiне бақылауды жүзеге асырады мектепке дейiнгi және мектеп, орта-кәсiби бiлiм ұйымдарының, орталық аудандық аурухана, дәрiгерлiк емханалар, медициналық пункттер мен денсаулық сақтау мәселелерi мемлекеттiк тiл және Қазақстанның халықтарының басқа тiлдерiнiң қолданылу мәселелерi, әлеуметтiк-мәдени сала мекемелерiнiң жұмыс iстеу мәселелерi халықтың осал тобына атаулы көмек мәселелерi еңбек және техника қауiпсiздiгiн қорғау мәселелерi ұлттық-мәдени орталықтардың мәселелерi дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелерi жастар саясаты мәселелерi бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет объектiлерiн жылумен қамтамасыз ету, ауданда ақпараттандыру және «электронды үкiмет» үдерiстерiн дамыту мәселелерi Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң ресми сайт контенттерiнiң жағдайы, қоғамдық бос уақыт пункттерiнiң жұмыс iстеуi.

Облыстық, аудандық атқару органдарымен, мемлекеттiк органдармен, басқармалармен, комитеттермен, қоғамдармен, жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының инспекцияларымен және аумақтық басқармаларымен жетекшiлiк ететiн мәселелерi бойынша шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналд8ық кәсiпорындардың басшыларымен, Атбасар ауданы бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен, аудандық зейнетақы төлемi жөнiндегi Мемлекеттiк орталық филиалымен, «Атбасар» және «Простор» аудандық газеттер редакциясымен, саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, қозғалыстармен және қорлармен, жастар ұйымдарымен, дiни бiрлестiктермен және конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, үкiметтiк емес ұйымдармен, аудандық ардагерлер кеңесiмен, радио-теледидар станциясымен, Атбасар ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiмен, мүгедектер қоғамымен, «Қазпошта» ашық акционерлiк қоғамының аудандық филиалымен өзара қарым-қатынас байланыс жасайды.

Жететкшiлiк ететiн мәселелер бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму кешендi жоспарын орындау мәселелерi.

Бiлiм, ақпарат, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени мұраларды, халықты әлеуметтiк қамтамасыз ету, зейнетақы және жәрдемақы төлемдерi дамыту және реформалау мәселелерi кедейшiлiктi азайту, мүгедектердi оңалту мәселелерi тарихи және мәдени мұраларды, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлердi сақтау, дене шынықтыру және спортты дамыту, мұрағат жұмыстары, көшi-қон және демография саясатының мәселелерi, отбасы және гендерлiк саясат, мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамыту мәселелерi, ономастика, әлеуметтiк серiктестiк, пошталық байланыс, жұмылдыру жұмыстары, құқық түсiндiру жұмысы бойынша аймақтық бағдарламалар мен шаралар жоспары, құқықтық мәдениет, құқықтық оқыту және азаматтарды тәрбиелеу деңгейiн арттыру бойынша мәселелерге жетекшiлiк етедi.

Жастар iсi жөнiндегi Кеңестi, Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы Кеңестi, үкiметтiк емес ұйымдармен әрекет жасау және ынтымақтастық жөнiндегi консультативтiк кеңестi, қамқорлық және қорғаншылық жөнiндегi, тiл саясаты және ономастика жөнiндегi, отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi, Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтiлiн белгiлеу бойынша, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ зардабын шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу бойынша, әлеуметтiк серiктестiк және әлеуметтiк және әлеуметтiк қатынастарды реттеу бойынша Кеңестi, дiни бiрлестiктермен байланыс, жастар iсi жөнiндегi, өкiлеттi, атқару билiгi мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара әрекет жасауы жөнiндегi кеңестi, Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi аудандық комиссияны басқарады.

«2030 жылға дейiн Қазақстанның даму стратегиясы», «Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы» мемлекеттiк бағдарламаларын, өзге де мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауларында баяндалған жергiлiктi билiк органдарының шұғыл мiндеттерiн, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы, «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру.

Президент сайлауын, Сенат және Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттар депутаттарын және Қазақстан Республикасының жергiлiктi өзiн-өзi басқару өзге органдарының мүшелерiн сайлауға дайындық және өткiзу бойынша ұйымдастыру және өткiзу мәселелерi.

Мемлекеттiк наградалар бойынша заңнаманы жүзеге асыру мәселелерi.

«Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңының 6-бабының орындалуын қамтамасыз ету.

Жетекшiлiк ететiн салалар бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асыру.

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2016 10:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.07.2016 12:06
Қаралым саны: 1418

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9

8 (71643)-2-43-43, 2-48-64

atbasar_it@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 2-61-19