AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Құрметті ауылдастар! Сіздерді Бастау ауылдық округінің 2017 жылдың әлеуметтік–экономикалық даму қорытындысы жайлы баяндама және 2018 жылдың даму жоспары туралы есеп беру жұмысымен тыныстыруға рұқсат етіңіздер!

2017 жылдың нәтижелерiн қорытындылай келе, бiз мемлекеттiң негiзi мен дамуына арналған жолдарды iздестiремiз.

2017 жылдың 31 қарнтардағы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Қазақстанның үшiншi модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiгi» атты жолдауымен Қазақстан халқына жүгiндi.

Елбасы жолджауы әр сәтте уақыттылы. Дәл бүгiн, тұрақсыз әлемдiк жағдай уақытында, Елбасының қолдауы және мемлекеттiң дамыту бағыттарын көрсету сөздерi бiз үшiн өте маңызды. Өзiнiң даму уақытында республика бiрнеше дағдарыстар еңсердi. Және де Президенттiң көрегендiгi мен даналығының арқасында, ол әрдайым елдiн дамуының әртүрлi сценарийлерiн қарастыруына байланысты Қазақстан тек қана күштi, бай, дамыған болып келедi.

Сонымен қатар, Елбасы атап өтткендей, осы дағдарыс тек ғана қауiп емес, сондай-ақ, жаңа мүмкiндiктер. Ол халықты осы орын алған жағдайда қорытындылар және қаражат шегiнде өмiр сүруге шақырды.

Ауылдық округтiң аумағында өз қатарында партияның 75 мүшесiн бiрiктiретiн ХДП "Нұр-Отан" бастауыш партия ұйымы жұмыс iстейдi. Тоқсан сайын партия мүшелерiмен жиналыс өткiзiледi. Елдегi экономикалық, саяси жағдайлар, ағымдағы iс және тапсырмалар талқыланады. 4 жиын өткiзiлдi. 4 адамнан құралған саяси-кеңес құрамы сайланды: МукушевТ.К., БексеитовК.К., БегежановаБ.Ж., Тойшубекова Б.А. 2016-2017 жылдардары атқарылған жұмыс туралы "Нұр-Отан" бастауыш партия ұйымының төрағасымен есеп берiлдi.

2017 жылда партиялық ұйым, ұйымның имиджiн арттыру бойынша имиджiн арттыру, түсiндiру, және мемлекет Басшысының Жолдауын iске асыру бойынша идеологиялық жұмыс өткiздi.

Бұл ауылдық округте екi дiни бiрлестiк бар.

«Дiни бiрлестiгiнiң филиалы» Қазақстан мұсылмандар Дiни басқармасы ислам Дiнi, жетекшiсi — Шопанов Рахман Айтбайұлы. «Косьма және Домиана атындағы Православ шiркеуi» дiни бiрлестiгi — дiнi хрестианство, меншiк иесiнiң уақтылы емес рәсiмдеуiне және анықтауына байланысты уақытша тоқтатылды.

2018 жылғы қаңтар айындағы халық санағына сәйкес ауылы аумағында 1419 адам тұрады, 385 аула бар, оның iшiнде 15-i көп балалы отбасы. Бiздiң ауыл, табысы кедейлiк шегiнен төмен отбасылар жоқ ауылдардын санатына жатады.

Аграрлық комплекс

Агроөнеркәсiптiк кешендi жана инновация жолына қөшуiн қамтамассыз ету маңызды болып табылады. Бұл бiздiң дәстүрлi өнеркәсiп болып табылады. Бастау ауылдық округ аумағында: 2 ЖШС және 4 ШҚ, 2017 жылы егiстiк аумағы ЖШС бойынша 34370 га құрады, және ШҚ бойынша 908 га құрады. Өсiмдiк шаруашылығын жалпы жинау көлемi ЖШС бойынша — 38613 тоннаны құрады, өнiмдiлiк 15,5 ц/га құрады. Және ШҚ бойынша — 1000 тоннаны құрады, өнiмдiлiк 11, ц/га құрады.

Себiлдi: Май өнiмi (күнбағысжәне зығыр) — алаңы 4496 га, егiс алқабы 5345 тоннаны құрады, өнiм 8,7 ц/га; жүгерi — алаңы 315 га, егiстiк 2565 тонна, өнiмдiлiгi 81,4 ц/га; картоп — алаңы 10 га, егсiтiк 300 тоннаны құрады, өнiмдiлiгi 300 ц/га; көкөнiстер (қырыққабат, қияр, сәбiз, қызылша) -алаңы 3 га, егiс 38,6 тонна, өнiмi 485 ц/га.

Мал шаруашылығы

«Ауыл шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша бүгiнде қарқынды жұмыстар жүргiзiлуде. «Бастау» ЖШС қарамағында IҚМ 3671 бас, оның iшiнде 1386 сиыр, жылқы малы 499 бас. Тiрi салмақпен 1122 IҚМ бас сатылды салмағы — 469 тонна, 2974 бас қой салмағы — 154 тонна , 195 бас жылқы салмағы — 36 тонна. 2 қолдан ұрықтандыру пунктi жұмыс iстейдi. 2017 жылды қорытындылай келгенде «Бастау» ЖШС-не мемлекеттен 393 899 599 тенге субсидия төлендi:

•Асыл тұқымды мал шаруашылығына субсидиялар — 29 470 000тг.

•Тұқым сатып алуға субсидиялар — 28 287 370 тенге..

•Гербицидтер алуға — 89 574 434тг.

•Инвестициялық салымдарға (жаңа жабдықтарды сатып алу) 240 537 265 теңге

•Қатты және шырынды жемге арзандатылған субсидиялар 6057530 тг

Ауылдық округ тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылығында жер 73,5 га , онын iшiнде картоп алқабы 24,8 га, көкөнiс алқабы 3,9 га.

•621 бас IҚМ,) онын iшiнде 350 бас сиыр.

•Қой және ешкi 1544 бас.

•Шошқа 165 бас.

•Жылқы 459 бас.

•Құс 3716

Ауылдық округ бойынша 21 жеке кәсiпкер мал өсiрумен айналысады. Барлық iрi қаралар саны

•IҚМ -51 бас

•Қой-79 бас

•Жылқы-42 бас

Ауылдық округ бойынша барлық алдын алу шаралары жүзеге асырылды.

Сiбiр жарасына қарсы егу IҚМ — 5270 бас, жылқы — 2022 бас, қой және ешкi— 4491 бас; шошқа 100 бас. Жындануға қарсы IҚМ — 400 бас, қой және ешкi— 100 бас; мысық- 40 бас, ит-100 бас. Мкар IҚМ-4000бас.

Бруцелезге қан алу IҚМ — 7405 бас,ҰМ-4491бас, жылқы 5 бас, шошқа 50 бас.Туберкулезге қарсы — IҚМ-6000бас, шошқа- 100бас.

Қараусыз қалған иттердi аулау — 50.

Сәйкестендiру жасалды IҚМ 1440 ветеринарлық төл-құжат берiлдi.

Сәйкестендiру 40 шошқа малына жасалды.

Жылқы малына таврация шаралары жасалды, 50 мал төл-құжаты берiлдi.

2015 жылдын 3 сәуiрiнен бастап Селолық тұтыну кооперативi Еркежан — 5 (бұдан әрi) СТК құрылды. 14 қазақтың ақбас асыл тұқымды бұқалары қатысады. Бұқалар өндiрушiлер батыс және шығыс жақтарға жеке сектордағы малдар арасында бөлiнген. Тiркелген 412 iрi қара мал бар. Оператор Толгамбаев Жанат.

Бұқалар өндiрушiлер СТК "Еркежан-5" меншiктi қаражат есебi арқылы ұсталады.

Көлiк және байланыс

Ауыл мен аудан орталығының арасында жолаушыларға күн сайын бiр микроавтобус қызмет көрсетедi, үш жеке такси, өтетiң электр пойыз бағыты Астана — Атбасар, Атбасар — Астана, жолаушы тасымалдаушы поезд бағыты Астана — Арқалық, Арқалық — Астана.

Ауылдық округ аумағында 385 телефон номерi орнатылған және жұмыс iстейдi, оның iшiнде 360 пәтерлi номер, 25 заңды тұлғалар номерi.

Бүгiнгi күнде «Мегалайн» жоғары желiлi интернетке 135 жеке тұлға және 6 заңды тұлға қосылды. Орнату бойынша жұмыстар жалағасып жатыр. Цифрлы теледидар id TV-ге жеке тұлғалар арасынан 3 абонент қосылған.

Пошта бөлiмi

Күнделiктi сағат 09:00 ден 13:00 ге дейiн жұмыс iстейдi. Аптасына 3 рет пошта хабарламалар жеткiзiледi . 2018 жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша кезектi басылымға жазылыс 100 % орындалды.

Кәсiпкерлiк

31 желтоқсандағы Ұлт көшбасшысы Нурсултан Әбiшұлы өзiнiң Қазақстан халқына жолдауында атап айтқандай, аймақтық экономикалық өсу драйверлерi қалыптастыру маңызды болып табылады. Барлық инвестициялық жобалар тiкелей аймақтарда жүзеге асырылуда. Сондықтан, кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы макроөңiрлердiң инвестициялық бағдарламаларының бiр бөлiгiне айналуы тиiс. ХХI ғасырда Қазақстанның әлеуметтiк және индустриалды дамуының басты құралы, кiшi және орта бизнестiң дамуы. Кiшi және орта бизнестiң эканомикада одан әрi дамуы –Қазақстанның дамуына тұрақтылық әкеледi.

Ауылдық округ аймағында 30 кәсiпкер өз қызметтерiн атқарады, оның iшiнде бөлшек саудамен, қоғамдық монша, шаштараз,аспаздық, и газоблоктер жасау, мал жаю және мал шаруашылығын өсiрумен айналысатын кәсiпкерлер бар.

2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша, 2 ауыл тұрғыны өз iсiн ашу үшiн мал шаруашылғын өсiру үшiн кiшi несие алды, жалпы сомасы — 3 900 000 тг.

Электрожүйесiмен қамтылу

Ауыл округi электроэнергияны бiрiңғай «АРЭК» ЗАО энергожүйесiнен алады.

Жылумен қамтылу

Бюджеттiк ғимараттарды жылумен қамту кательнилер бойынша жүзеге асады, тұрғындар пештiк отын жағады. №1 ОМ және №2 ОМ «Атбасар-су» МКК ШЖК қызмет көрсетедi, екi мектепке деген көмiрдiң қоры 373 тонн. құрайды. Және де Атбасар-су» МКК ШЖК жылумен қамтуына жеке үйлер қосылған.

Газбен қамтылу

Ауыл тұрғындары сұйықталған газ балондарымен қолданады. Газды аудандық ұйымдардан: «Атбасарский газ» ЖШС және «Горгаз» ЖШС Атбасарлық учаскесiнен қамтамасыз етедi.

Сумен қамтылу

Бүгiнгi күнде орталық суқұбырына 379 аула қосылды, ол 95 % жалпы аула санынан тұрады. 4,8 шаршы шақырымды құрайтын суқұбыры «Атбасар су» ГКП на ПХВ комуналдық меншiгiне берiлдi. Қазiргi уақытта суқұбырының трассасы 17 км құрайды.

Көркейту

Бастау ауылдық округiнiң тұрғындары көркейту айлығы бағдарламасы бойынша көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына белсене қатысты.Қоқыс шығару жұмыстары бойынша екi бригада жұмыс iстедi, 5500 тонна қоқыс шығарылды, 350 жеке үйлердiң фасаддары жөнделдi, 7 гүлзарлар отырғызылды. Мезгiл бойынша 12 сенбiлiк және 16 таза бейсенбiлiк өткiзiлдi, оған 1150 адам белсене қатысты. 10 қарағай, 115 жұпаргүл, мойыл, қарақат, окация бұталары отырғызылды.

Ауылдық округ аймағында ҚТТ аудар орналасқан. Көрсеткiш орнатылған, қоқыс сырылған, аударға кiрiс аймақта дизмат жаңартылған. Ауылдық округi тұрғындарына сәйкес аулаға iргелес жатқан аумақтарды санитарлық нормаларға сәйкес келтiру туралы 15 хат жазылды. сондай-ақ 12 тұрғындарына қараусыз қалған малға қатысты 24 тұрғындарына ескерту хат берiлдi.

Құқық тәртiбi

Ауыл аймағында құқықтық тәртiптi учаскелiк инпектор аға лейтинант Бимағамбетов Руслан Олжабайұлы қарастырып отырады. 2017 жыл бойынша ауыл округiнде 6 қылмыс жасалды.

-Жеке сектордың 2 малының ұрлануы.

-Алаяқтық -1.

-Ақша қаражатын ұрлау -2

-Велосипедты ұрлау -1

Ауылдық округта криминалды бизнестiң өркендеу дерегi жоқ.

Әкiмшiлiк жауапкерлiкке әртүрлi бұзушылықпен 118 адам тартылды. 2 адам iшiмдiкке қарсы емделуiне жiберiлдi. Профилактикалық есепке — 7 адам тұрғызылды. Отбасылық қатынастары бойынша 8 қорғаныстық нұсқама берiлдi.

Медициналық қызмет көрсету

Новоалександровка ауылында медициналық қызметтi бiр дәрiгерлiк амбулаторя қызмет көрсетедi, арнай — орта бiлiммен — 4 медициналық қызметкер жұмыс iстейдi. Керектi жағдайда науқастарға үйде медициналық көмек көрсетедi.Барлық жоспарланған iс-шаралар жүзеге асты. Ауылда флюорография 100% өткiзiлдi. 2017 жылы балалар санының туу 15 балаға өстi. Жоспарлық екпелер айсайын өткiзiлiп отырады, балалар толығымен жылсайынғы скринингтерден өтiп отырады.

Бiлiм

Бiздiң өсiп келе жатқан ұрпақтарымыздың сауаттылығына үлкен назар аударуымыз керек. Бiздiң балаларымыздың заманауи өмiрге бейiмделгенi өте манызды болып табылады.

Мемлекеттiк «Балапан» бағдарламасын iске асыру аясында, ауылда жалпы қамтумен 34 бала 2 шағын балалар балабақша орталығы бар.

Ауылдық округтiң аумағында екi орта мектеп орналасқан, мемлекеттiк және орыс тiлiңде бiлiм беру жүйесiмен. Барлығы 245 оқушы, және 45 мұғалiм сабақ бередi. Мектептерде оқыту пәндерi бойынша факультатив және қызықты топтар мен спорттық ойындар өткiзiледi. Ыстық тамақпен қамту 100 % құрайды. Барлық түлектер орта және жоғарғы оқу орындарына түстi. Екi мектепте «Мегалайн» жоғарғы желiлi интернетке косулы. № 2 орта мектепте «Асыл мұра» мұражайы қызмет етедi. № 1 орта мектепте тарихи мұражай орналасқан. 2016 жылы № 2 орта мектепке жанадан информатика пәнi бойынша жас маман Мейрам Ботагоз келдi. Жалпы №1,2 мектептерi «Бастау»ЖШС- не көкөнiстер мен картоп жинауға көмек көрсетедi. Көкенiстер жемiс жидек арқылы 230 000 тенге шамасында №1,2 мектептерiне «Бастау» қол ұшын бердi.

Мәдениет және спорт

Ауылдық кiтапхана ауылдық әкiмдiк ғимаратында орналасқан, 2017 жыл бойынша оқырмандар саны — 570 адам, кiтап қоры — 12828 дана және онын құны — 2 971 254 тенгенi құрады. 2017 жыл бойы 51 iс — шара ұйымдастырылды.

Ауылдың саяси — қоғамдық өмiрi тұрақты. Ұлтаралық келiспеушiлiк және басқада қақтығыстар жоқ.Ең бастысыс алауатты өмiр салтының алға басуы бiз үшiн манызды мәселе.

Бiздiң спортшыларымыз әдiскердiң басшылығымен бiр неше жыл бойы шанғы жарысы бойынша тағы басқа спорт түрлерiнен Атбасар ауданының намысың қорғауда.

Аппараттық жұмыс

Ауылдық округ аумағында 3 кеңес өз жұмысын жүргiзiп келе жатыр:, әйел және отбасы құқықтарын қорғау кеңесi төрағасы (Шиндина М.А., аргерлер кеңесi төрағасы (Шаханов К.К.) , және жергiлiктi қоғамдастық төрағасы (Коспаев Г.К.).

2017жыл бойы 2 жоспарлы жиын ,5жиналыс өткiзiлдi.

Ағымды жылда әкiмнiң аппаратының бюджетi 10 006 200 млн. тенге құрады. Жәнеде аудан бюджетiнен және республикалық бюджеттен қосымша ақшалай қаражат бөлiңдi.

Ауылдық округ әкiмiмен әлеуметтiк сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау жүргiзiледi. Ағымдағы жылда қаралған: 6 жазбаша өтiнiш және 55 өтiнiш жеке қабылдау бойынша барлығының шешiмi табылды.

Ауылдық округiнде аз қамтамасыз етiлген азаматтармен тұрақты жұмысжүргiзiледi, мүмкiндiгi болғанда,  — "Атбасар ауданының жұмыспен қамту Орталығы КММ қаржатдыратын қоғамдық ақылы жұмыс ұсынылады.

«Атбасар ауданы Бастау ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ қатысты өткен мерзiмiде бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз мәлiметтер басылған жоқ. Мемлекеттiк қызметкерлермен Этикалық Кодекс бұзушылықтары байқалған жоқ.

2017 жылы Бастау ауылдық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының iске асуына байланысты келесi iс-шаралар атқарылуда: Ақмола облыстық мәслихатының №5 С-24-4 15.04.14 жылғы шешiмi негiзiнде 2014-2018 жылдарға арналған Ақмола облысы Атбасар ауданының Бастау ауылдық округiнiң дамуы туралы iс-шаралар жоспары:

2017 жылы осы жоспар негiзiнде атқарылған iс-шаралар:

1.Бастау ауылдық округi және «Бастау» ЖШС бiрлесiп ауыл көшелерiн қардан тазалау мақсатында, сонымен қатар «2017-2018 жылдар мерзiмiнде ҚТҚ полигоның тазалау және жинастыруына көмек көрсету» 12 150 000 теңге сомасына меморандумға қол қойылды.

2.«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 1 398 600 тенге бөлiндi,

-Ағымдағы қоршауларды жөндеу;

-Көше қоршауларына оюлар сатып алу;

-Балалар ойын алаңына құралдар сатып алу

Сонымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органның есебiнен биылғы жылда үй номерi мен көше атауы бар мандайшалар және жол белгiсi орнатылды.

Сонымен қатар құрылған жоспар бойынша келесi жұмыстар ұйымдастырылды.

1.Жұмысқа орналастырылған мүгедектер:

Хасенов Сайлаубек, 2 топтағы мүгедек «Бастау» ЖШС–на әр түрлi жұмыс жасайтын жұмысшы ретiнде орналасты.

Харамес Күмiс, 3 топтағы мүгедек «Бастау» ЖШС–на әр түрлi жұмыс жасайтын жұмысшы ретiнде орналасты.

Кестеге сәйкес айына 2 рет ХҚКО орталығының қызметкерлерi келiп халыққа қызмет көрсетедi ( құжаттарды рәсiмдеу, ЭЦҚ алу ж.б)

Болашаққа құрылған жоспар

Алдағы жылдағы жүргiзiлген жұмысты қалыпты сақтап ауылдың әлументтiк жағдайын, халық санын қалыпты ұстау .

1.БЖК -2020 жол картасы бағдарламасы бойынша «Бастау» ЖШС 200 басқа сүт өндiретiн комплекс жұмыс iстейтiн болады.

2.Республика қаржысынан Бастау ауылына аурухана құрлысын жүргiзу 25 орынға республикалық бюджеттен 85 млн тенге қарастырылып отыр. «Бурабай Проект» ЖШС келiсiмшарт жасалды. Бастапқы деректер алымдары жүргiзiлуде.

3.Электрмен жарықтандыру желiсiнiң құрылысы ауылдың көшелерiн ұзындығы (9672 м) жоба сомасы 67,390,000 тг.

Қымбатты ауылдастар!

Бiз өмiрi тарихта болмаған экономикалық дамуына қол жеткiздiк. Бұл жетiстiктердi ауыл тұрғындарымен ЖСШ «Бастау», шаруашылық қожалығымен байланыстырамыз. Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жоғарлату мақсатында жұмысты жалғастырамыз. Ел тәуелсiздiгiмiздi атап өттiк. Алда жоспарларымыз бар. Алдағы уақытта алдымызға қойған мақсаттарға бiрлесе отырып, жетемiз деген үмiтiмiз зор.

Назарларыңызға рахмет.

Бастау ауылдық округiнiң әкiмi                                                                                       Қ. Исманов

Мақаланы құрған күні 09.01.2018 11:23
Мақаланы жаңартқан күні 09.01.2018 11:23
Қаралым саны: 2984
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы