Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты

Жыл сайын жүргiзiлетiн тәуелсiз әлеуметтiк зерттеу қорытындысы шығарылды. Сол арқылы халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) деген сенiм деңгейi айқындалды.

Зерттеу қорытындысы бойынша:

–бiр жыл iшiнде Қорға деген сенiм деңгейi 10 баллдық шәкiлде 5,7-ден (2017 ж. желтоқсаны) 6,4 баллаға дейiн өстi;

–бiр жыл iшiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейi 10 баллдық шәкiлде 5,9-дан (2017 ж. желтоқсаны) 6,3 баллға дейiн өстi;

–жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы базалық деңгейге ие тұрғындардың үлесi 60,2 пайызды құрады (2017 ж. желтоқсанында бұл көрсеткiш 58,2 пайыз болған).

Зерттеу Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызға ие 3 қаласының тұрғындарына жаппай сауалнамалық сұрақтар қою әдiсi бойынша жүргiзiлдi.

Халықтың отандық зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiн анықтау аясында сауалнамаға қатысушыларға сенiм деңгейiн он баллдық шәкiл бойынша бағалау ұсынылды. Мұнда «10» саны — толық сенiмдi, ал «1» — зейнетақы жүйесiне мүлдем сенбеушiлiктi бiлдiредi.

Зерттеу көрсеткендей, халықтың Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi 6,3 балл деңгейiнде қалыптасты. Жалпы БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiнiң көрсеткiшi Қазақстанның зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң көрсеткiшiмен тығыз байланысты. БЖЗҚ шын мәнiнде қазiргi зейнетақы жүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және сауалға жауап берушiлердiң көпшiлiгi Қорды жүйе жұмысын жүзеге асыру құралы ретiнде қарайды. Соған қарамастан, сұхбат берушiлердiң БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiн анықтауға бағытталған сауалнама Қорға деген сенiм деңгейiнiң, аз да болса, Қазақстанның зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң жиынтық көрсеткiшiнен жоғары екендiгiн көрсеттi.

БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi 6,4 балл болды.

Облыстар мен республикалық маңызға ие қалалар тұрғысынан алып қарағанда зейнетақы жүйесiне ең көп сенiм бiлдiргендер Алматы (7,19 балл) мен Жамбыл (7,13 балл) облысы және Алматы қаласының (7,10 балл) тұрғындары болды. Шығыс Қазақстан (5,16 балл), Ақтөбе (5,01) және Қарағанды облысының (4,71) респонденттерi Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiне аз сенiм бiлдiретiндер болып шықты.

Егер қала және ауыл тұрғындарының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiн салыстырып қарайтын болсақ, онда Қазақстанның 10 облысында (14 облыстың iшiнде) бұл көрсеткiш қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары тарапынан жоғары. Ауыл халқының сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi — 6,4 балл болса, ал қала тұрғындарына қатысты көрсеткiш  — 6,09 балл.

Тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметi аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негiзi зейнетақы болады деген пiкiрмен келiседi. Бұл ретте тұрғындардың көпшiлiгi (сауалнамаға жауап бергендердiң 44,9 пайызы) өздерiнiң қаржылық әл-ауқатының негiзгi көзi Қордан төленетiн зейнетақы жинақтары болады деген сенiмде. Ал сауалнамаға жауап берушiлердiң 33,4 пайызы мемлекеттен төленетiн зейнетақыға үмiт артады. Бұдан басқа, сауалнамаға қатысушылардың пiкiрiне сүйенсек, болашақ қаржылық әл-ауқаттың тағы бiр үшiншi негiзi — кәсiпкерлiк. Яғни, жауап берушiлердiң 9,1 пайызы өз бизнесiне үмiт артады. Мұндай жауапты негiзiнен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар мен өз бизнесiн басқарып жүргендер берiп отыр.

Сауалнама нәтижесi жауап берушiлердiң басым бөлiгi БЖЗҚ-ның рөлi мен оның жинақтаушы зейнетақы жүйесi үшiн маңыздылығы туралы хабардар екендiгiн көрсеттi. Бұл ретте респонденттердiң басым бөлiгi БЖЗҚ-ның негiзгi атқаратын қызметiн жақсы бiледi. Демек бұл олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде Қордың атқаратын рөлiн жақсы түсiнетiндiгiн көрсетедi. Жауап берушiлер үшiн Қор — оның кеңселерi мен ресми сайты — жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша негiзгi ақпарат көзi екендiгi сөзсiз үлкен маңызға ие.

Зерттеу барысында тұрғындарға қосымша түсiндiрудi талап ететiн тақырыптар анықталды. Мысалы, олар ерiктi зейнетақы жарналары мен бiрыңғай жиынтық төлем аясында төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерi мен оларды төлеу шарты, инвестициялық басқару және зейнетақы активтерiне есептелетiн инвестициялық табыстың қалыптасу қағидалары секiлдi сұрақтар. Бұдан басқа, республикалық және жергiлiктi телеарналарды ақпарат беру арналары ретiнде қолдану, сондай-ақ ақпаратты халыққа ұялы қосымша мен дербес кеңес беру арқылы жеткiзу бойынша ұсыныстар берiлдi.

Зерттеу тұжырымдары Қорға деген сенiмдi одан әрi нығайту және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы хабардарлығын арттыру бойынша стратегиялық мiндеттердi жүзеге асыру барысында ескерiлетiн болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 29.05.2019 10:27
Мақаланы жаңартқан күні 29.05.2019 10:27
Қаралым саны: 1247
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы