AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

ЖОБА ЖАРҒЫСЫ «Рухани қазына кіші бағдарламасы «Асыл ұрпақ» базалық бағытын жүзеге асыру аясындағы «Тұғыры биік тұлға» ғылыми-зерттеу, өлкетану жобасы

«КЕЛIСIЛДI»
Бағдарлама жетекшiсi
«_________________»
__________________
«___» ___ 2017 ж.

ЖОБА ЖАРҒЫСЫ
«Рухани қазына кiшi бағдарламасы «Асыл ұрпақ»
базалық бағытын жүзеге асыру аясындағы
«Тұғыры биiк тұлға» ғылыми-зерттеу, өлкетану
жобасы

 

 

                                            ______________Бағдарламаның бас менеджерi

______________Аймақтағы жобаның жетекшiсi — әкiм орынбарасы

 

А.А.Ильясова   Жоба жетекшiсi

1.ЖОБА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Атауы «Тұғыры биік тұлға» ғылыми-зерттеу, өлкетану жобасы
Бастаушы Атбасар ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Демеуші Атбасар ауданының әкімдігі
Жоба жетекшісі Атбасар тарихи-өлкетану мұражайының директоры А.Ә.Ілиясова.
Жоба менеджері «Атбасар ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы К.Ә Жұмаенова
Мақсаты 1. Ерден Сандыбаев – Сандыбай бидің ұлы, аға сұлтан, батырдың өмірі мен қызметін зерттеу мақсатында Атбасар ауданы (уезі) аймағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.2. Ескі тұрғындармен, туысқандарымен (ұрпақтары) кездесу ұйымдастырып, ақпарат жинау, фото альбом шығару мақсатында мұрағаттық құжаттар жинап, тарихи күндерді «тірілту».
Индикаторлар 1. Ақпарат кешені қорын толықтыру есебінде келушілер санын арттыру: бір жыл ішінде мұражайларға 20 000 келуші, кітапханаларға 200 000 келуші.2. Ақпараттық буклеттер мен брошюркалар шығару. (облыс бойынша тарату үшін 10 000 тираж).
Жобаның басқа да қатысушылары МИО, меценаттар, волонтерлар, БАҚ.
Жүзеге асыру мерзімі 2018-2020жж.
Жоба құны 2 млн.тг

2.ЖОБА СИПАТТАМАСЫ

Шешілетін мәселелер мен оның өзектілігі
Тарихи терең тамыры бар отбасы ұрпақтарын жалпыұлттық тарихи сипатта ғана емес, өз түпнегіздерін танып білу үшін жастарды қызықтыру.

3.ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕСТЕСI ЖӘНЕ ОҚИҒАЛАР

Негізгі ВЕХ? Тапсырмалар мен нәтижелер көрсеткіші
1. Жарғының бекітілуі Тапсырма. Жоба құжаттарының әзірленуі. Көрсеткіштер. «Тұғыры биік тұлға» жоба Жарғысының бекітілгені.
2. Атбасар уезінің (1862) аға сұлтаны Ерден Сандыбаевқа арналған Жобаның тұжырымдамасы мен жүйесінің құрылуы. Тапсырма. ХVІІІ ғ.екінші жартысы мен ХІХ ғ. бірінші жартысындағы тарихи құжаттарды Қазақстанның Мемлекеттік мұрағатынан, тарихи-өлкетану мұражайларынан ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізу.Көрсеткіш. Ғалым-тарихшылар, өлкетанушылар, ескі тұрғындар және туысқандарымен кездесіп, ақпараттық құжаттар жинау.
3. Ерден Сандыбаевтың жерленген жеріне бару. Тапсырма. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданына ғылыми іссапар жасау.Көрсеткіш. Атқарылған істер жайлы БАҚ арқылы мерзімді басылымдарда мақалалар жазу, жергілікті тұрғындарды хабардар етіп отыру.
4. «Бабалар жолымен» акциясы (ғылыми іссапар). Тапсырма. Ресей мен Қазақстанның мұражай, мұрағаттарындағы тарихи құжаттармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.Көрсеткіш. Мұрағат, кітапхана, мұражай қызметкерлерімен бірге ғылыми іссапар.
5. Қоғаммен жұмыс. Тапсырма. Ескі тұрғындармен, туыстарымен, БАҚ өкілдерімен кездесу, дөңгелек үстел ұйымдастыру. Көрсеткіш. «Тұғыры биік тұлға» альбомын шығару.

4.ШЕКТЕУЛЕР МЕН РҰҚСАТТАР

Шектеу атауы Шектеу сипаты
1. Қаржыландыру Қаржыландырудың жетіспеушілігі немесе уақтылы болмау мүмкіндігі.

5.ЖОБА РӨЛДЕРI

Аймақтағы жоба жетекшісі · Аймақтағы жобаның іске асырылуына тікелей жауапты, , жоба көрсеткіштері сапасының артуы үшін заңға қайшы келмейтін шешімдер қабылдайтын, Мемлекеттік саяси лауазымындағы (әкім орынбасары) тұлға. Алматы, Астана қалалары, облыс әкімдерінің орынбасарлары.
Аймақтағы жоба кеңсесінің жетекшісі · Орталық Жоба кеңесімен аймақтағы Бағдарламаның жоспарлы нәтиже жетістіктерін іске асыру ісінде жоба қызметкерлерінің, соның ішінде жоба командалары қызметінің мониторингін арттыру үшін оқытып, әдістемелік және ұйымдастырушылық тұрғыда сүйемелдейтін тұлға. Аймақтағы Бағдарлама кураторы (әкім) шешімі бойынша
Аймақтық жоба кеңсесінің Бас менеджері · Аймақтағы Бағдарлама іс-шаралары мен барлық жобалардың, оған қоса жоба командаларының басқармасы мен аймақтағы Бағдарлама жетекшісінің (әкім орынбасары) қарауымен аймақтағы Бағдарлама көрсеткіштері мен индикаторларының жетістіктеріне қажетті істердің сапалы және уақтылы жүзеге асуына тікелей жауап беретін тұлға. Аймақтағы Бағдарлама кураторы (әкім) шешімі бойынша
Аймақтық жоба кеңсесінің әкімшілігі · Аймақтағы Бағдарламаға қоса, жоба командаларының қызметкерлеріне ұйымдық-техникалық, әдіснамалық тұрғыда сүйемелдеу көрсететін тұлға. Аймақтағы Бағдарлама кураторы (әкім) шешімі бойынша
Жоба жетекшісі · Жобаның сапалы және мазмұнды нәтижесіне дербес жауап береді· Жобаны барлық қажетті ресурстармен (адами, қаржылық, ұйымдық-техникалық, т.б) участвует в подборе и мотивации персонала· Жобаның негізгі параметрлік өзгерістерін Аймақтық Жоба кеңсесінің Бас менеджерімен, қажет болған жағдайда кіші Бағдарлама Бас менеджерімен келіседі (мерзім, қаржы, ресурс, нәтиже талаптары)· Жоба Менеджері деңгейінде шешуі қиын сұрақтарды шешеді Атбасар тарихи-өлкетану мұражайының директоры А.Ә.Ілиясова.
Жоба менеджері · Белгіленген мерзімде жоба тапсырмаларының толықтай орындалуына жауап береді және ресурстарды басқарады· Жоба командасын құрады, оларға жобаны сәтті жүзеге асыруға жақсы жағдай жасап, жоба қатысушыларын біріктіреді.· Жобаны басқару жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады· Қажет болған жағдайда жоба тапсырмаларымен* сұранымдарды кез-келген мемлекеттік органдар мен ведомствоастылық ұйымдарға бағыттайды· Жобалық Кеңсеге жоба бойынша белгіленген формада және белгіленген мерзімде есеп береді· Жобаның барлық сұрақтарын шешіп, қажет болған жағдайда жоғары лауазымдағыларға жеткізеді Атбасар ауданы мәдениет бөлімінің жетекшісі К.Ә.Жұмаенова
Сарапшы · Жүйелі шешімдер қабылдау барысында кеңес беретін және сараптама жүргізу үшін тартылатын (мақсаттары, көрсеткіштері, міндеттері, нысаналы тәуекелдер және т.б.), салаға сәйкес кәсіби деңгейі жоғары маман.· Ұсынымдар, қажет болған жағдайда ұсыныстар енгізеді, олардың құзыреті шеңберінде жобалық міндеттерді орындайды Мүмкіндігіне қарай
Жоба тапсырмаларын орындаушы · жобалық тапсырманың орындаушысы болып кез-келген мемлекеттік ұйымның қызметкері немесе сырттағы кеңесшілер мен сарапшылар тағайындалады.· жоба тапсырмасы аясында іс-шаралар өткізіп, қойылған міндеттерді орындайды.· берілген міндеттер мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына тікелей жауапты. Атбасар ауданы мәдениет бөлімінің бас маманы Ә.Д.Серікпаев.
Мақаланы құрған күні 15.08.2017 12:20
Мақаланы жаңартқан күні 15.08.2017 12:20
Қаралым саны: 3177
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы