AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

ҮШІНШІ САУДАҒА Атбасар ауданының коммуналдық меншігінің объектісі «Атбасар қаласының жолаушыларын тасымалдау» ЖШС қойылады.

ҮШIНШI САУДАҒА Атбасар ауданының коммуналдық меншiгiнiң объектiсi «Атбасар қаласының жолаушыларын тасымалдау» ЖШС қойылады.

«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ 2016 жылдың «2» қарашасында, сағат 11:00-де www.gosreestr.kz. мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң веб — порталында Атбасар ауданының коммуналдық меншiк объектiлерiн сату бойынша тендер өткiзiлетiндiгi туралы хабарлайды.

Атбасар ауданының коммуналдық меншiк объектiлерiн сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Үшiншi рет саудаға Атбасар ауданының коммуналдық меншiгiнiң объектiсi «Атбасар қаласының жолаушыларын тасымалдау» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% мөлшердегi мемлекеттiң қатысу үлесi қойылады. ЖШС Ақмола облысы, Атбасар қаласы, К.Мукушев көшесi, 28 а үй мекенжайы бойынша орналасқан. Объектiнiң бастапқы бағасы — 41 354 250 теңге, тендерге қатысу үшiн кепiлдiктi жарнасы — 24 812 550 теңге.

Аталған объектiнi жекешелендiру шарты оның бүкiл әрекет ету кезеңi бойына қызмет бейiнiн сақтау болып табылады.

Кепiлдiктi жарна бiрыңғай оператордың арнайы транзиттiк шотына салынады, «Казкоммерцбанк» АҚ, KZ529261501102032004, БСК:KZKOKZKX, КНП:171, Кбе:16, төлем алушысы: «Ақпараттық — есептеу орталығы» АҚ, БСН:050540004455.

Кепiлдiк жарнаны қатысушы немесе қатысушының атынан басқа жеке және заңды тұлға енгiзедi.

Тендер қатысушыларын тiркеу хабарлама шыққан күннен басталып және тендер басталуға екi сағат қалда аяқталады.

Тендерге қатысу үшiн мыналарды көрсете отырып, тiзiлiм веб-порталында алдын ала тiркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi — ЖСН), тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi — БСН), толық атауын, бiрiншi басшының тегiн, атын, әкесiнiң атын (бар болған жағдайда);

3) кепiлдiк жарнаны қайтару үшiн екiншi деңгейдегi банктегi есеп-айырысу шотының деректемелерiн;

4) байланыс деректерiн (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде қатысушы бiр жұмыс күнi iшiнде Тiзiлiмнiң веб-порталына енгiзiлген деректердi өзгертедi.

Тендерге қатысушы ретiнде тiркелу үшiн қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда — саттыққа қатысуға өтiнiмдi белгiленген нысан бойынша тiзiлiмнiң веб-порталында тiркеу қажет.

Тендерге қатысушылар:

1) тендерге қатысушы қол қойған, тiзiлiмнiң арнайы бөлiнген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетiн баға ұсынысының;

2) сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшiрмелерiн қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келiсудi қамтитын өтiнiмдi тiркейдi.

Тендердiң жеңiмпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру үшiн мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшiн: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшiн: заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң не анықтаманың;

заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiктерiн куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкiлi паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын мiндеттi түрде көрсете отырып, олардың көшiрмелерiн не нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады.

Шетелдiк заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшiрмелерiн ұсынады.

Тендердiң жеңiмпазы да сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтiнiмге қоса берiлген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейiн бiр жұмыс сағаты iшiнде қайтарылады.

Тендерге қатысуға өтiнiм тiркелгеннен кейiн тiзiлiмнiң веб-порталы үш минут iшiнде өтiнiм берiлген сату объектiсi бойынша кепiлдi жарнаның түсуi туралы мәлiметтердiң тiзiлiмнiң дерекқорында болуына автоматты түрде тексеру жүргiзедi.

Қатысушының осы хабарламада көрсетiлген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бiрыңғай оператордың арнайы транзиттiк шотына сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген кепiлдi жарнаның сауда-саттық басталғанға дейiн екi сағат бұрын түспеуi тiзiлiм веб-порталының өтiнiмдi қабылдаудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Тiзiлiмнiң дерекқорында бiрыңғай оператордың арнайы транзиттiк шотына кепiлдi жарнаның түскенi туралы мәлiметтер болған жағдайда, тiзiлiмнiң веб-порталы өтiнiмдi қабылдау және қатысушыларды аукционға жiберудi жүзеге асырады. Тiзiлiмнiң дерекқорында бiрыңғай оператордың арнайы транзиттiк шотына кепiлдi жарнаның түскенi туралы мәлiмет болмаған жағдайда, тiзiлiм веб-порталы қатысушының өтiнiмiн керi қайтарады.

Тiзiлiмнiң веб-порталы автоматты тексеру нәтижелерi бойынша тiзiлiмнiң веб-порталында көрсетiлген қатысушының электрондық мекенжайына өтiнiмдi қабылдау не өтiнiмдi қабылдаудан бас тарту себептерi туралы электрондық хабарлама жiбередi.

Егер тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер өтпеген деп жарияланады.

Тендерге қатысуға өтiнiмдердi ашу сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген күн мен уақыты келгенде тiзiлiмнiң веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргiзiледi.

Тендерге қатысуға өтiнiмдер сатушымен сауда-саттықты өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген объектiге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетiн қатысушыларды айқындау мақсатында тiзiлiмнiң веб-порталында қарайды.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бiрдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтiнiмдерiнен өтiнiмi бұрын қабылданған қатысушы тендердiң жеңiмпазы болып танылады.

Тендердiң жеңiмпазы сауда-саттық нәтижелерi туралы электрондық хаттамаға қол қою үшiн электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелерi туралы хабардар етiледi.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тiзiлiмнiң веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткiзiлетiн күнi сатушы мен тендердiң немесе жабық тендердiң жеңiмпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердiң нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер немесе жабық тендердiң нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою мiндеттемесiн тiркейтiн құжат болып табылады.

Жеңiмпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесi, 9, 455 каб. мекенжайы бойынша қол қойылады.

Жеңiмпаз сауда-саттық нәтижелерi туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетiлген мерзiмдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тiзiлiмнiң веб-порталында сауда-саттық нәтижелерiнiң күшiн жою туралы актiге қол қояды және осы жекешелендiру объектiсi сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Бiрыңғай оператор тiзiлiм веб-порталының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың кепiлдiк жарналарын қабылдайды, сатушының шотына сауда-саттықта жеңген қатысушының кепiлдiк жарнасын аударады және кепiлдiк жарнаны қайтаруда өтiнiмдер негiзiнде сауда-саттықтың басқа қатысушыларына кепiлдiк жарналарын қайтарады.

Тендердiң өткiзiлуi туралы қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: (871643)7-90-36, 7-90-33.

Мақаланы құрған күні 25.10.2016 09:45
Мақаланы жаңартқан күні 25.10.2016 09:45
Қаралым саны: 2198
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы