AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Руководитель ГУ «Отдел образования Атбасарского района» Наймушина Наталья Георгиевна

Наймушина Наталья Георгиевна  15.03.1965 жылы Целиноград облысы, Атбасар ауданының Атбасар қаласында дүниеге келді.

1987 жылы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын математика және физика мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.  

01.09.1987 Садовое ОМ математика мұғалімі болып қабылданды

10.08.1988 №3 ОМ-ке  математика мұғалімі ретінде  ауыстырылды

01.09.1990  №3 ОМ тәрбие  және  сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы ретінде  ауыстырылды.

01.08.2001 Білім бөлімінің бас маманы м.а. болып тағайындалды.

12.05.2002 Білім бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

15.02.2006 «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

05.02.2007  Білім бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

20.07.2015 «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ басшысы болып ғайындалды.

Наймушина Наталья Георгиевна – білім бөлімінің басшысы, білім бөлімі Кеңесінің төрайымы.

Білім бөлімі басшысының міндеттеріне:  бөлімінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын заңнамаларға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес  жүзеге асыру, белгіленген еңбек қоры  және  қызметкерлер құрамының  шеңберінде бөлімнің және  білім беру ұйымдарының құрылымы мен  штаттық кестесін және жұмыскерлер құрамын   бекіту,  білім ұйымдары мен  құрылымдық бөлімшелерінің  басшыларын қызметке тағайындау,  босату, алқалық органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарына сараптама жасау және кәсіптілікті арттыру бойынша шаралар қолдану,   білім беру  саласындағы заңнамалардың  сақталуын бақылау,  ведомствоға қарасты білім беру ұйымдарының  бюджетін қалыптастыру бойынша  ұсыныстар дайындау және енгізу,  бөлімнің шұғыл және ағымдағы қызметтерін қамтамасыз ету  бойынша бұйрықтар шығару, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың алдында  білім беру мәселелері бойынша бөлім атынан сөз алу,   Атбасар ауданының білім бөліміне жалпы  басшылық жасау,  бөлімнің Атбасар ауданы әкімдігі аппаратымен, аудандық ұйымдармен, білім басқармасымен жұмыстарын үйлестіру, білім беруді дамытудың  келешегі, кадрлер, қызметкерлердің аттестациясы бойынша мәселелерді  бақылау, орталықтандырылған бухгалтерияның жұмысына басшылық жасау,   Атбасар ауданының  білім беру ұйымдарын жөндеу, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары туралы  мәселелерін шешу. Өтініштер, арыздар мен қарарларды қарау енеді. 

«Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ

құрылымы

Бөлiм басшысы -1

Бас маман -3

Байланыс нөмiрiлерi: 8 (71643) 2-42-72; факс: 2-42-72

Положение (PDF 6295 Kb)

 

Мақаланы құрған күні 14.07.2017 10:58
Мақаланы жаңартқан күні 13.02.2019 16:36
Қаралым саны: 7995
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы