AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

БЖЗҚ байланыс орталығының карантин уақытындағы жұмыс тәртібі

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның 2020 жылғы 6 сәуiрден бастап 13 сәуiр аралығында Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларында карантин режимiн күшейту туралы шешiмiн бекiтуiне орай «БЖЗҚ» АҚ-ның байланыс орталығы төмендегiдей жұмыс кестесi бойынша қызмет атқаратындығы туралы хабарлайды:

жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi.

Сонымен қатар, www.enpf.kz корпоративтiк сайтында, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алу мүмкiндiгi call-орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес болады.

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланы құрған күні 28.04.2020 11:29
Мақаланы жаңартқан күні 28.04.2020 11:29
Қаралым саны: 461
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы