AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тiлектерiн қабылдауға мүмкiндiк беретiн «Краудсорсинг» жобасын iске қосты.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтiк желiлер және керi байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлi проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистердi жетiлдiру бойынша көптеген өтiнiш-ұсыныстар түсiп жатыр. Ендi ықылас танытқан әрбiр азаматтың мемлекеттiк қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгiзушiлер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистердi жетiлдiру бойынша инновациялық идеяларын күтедi. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тiлектердiң барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.

Ұсыныс-тiлектердi мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнен құрылған комиссия сараптамадан өткiзiп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшiн https://www.gov4c.info/ сiлтемесi арқылы өтiп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пiкiрлер жазып, тiптi бағалай алады.

Мақаланы құрған күні 27.09.2018 17:27
Мақаланы жаңартқан күні 24.10.2018 11:26
Қаралым саны: 1591
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы