AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Атбасар аудандық сайлау комиссиясының қаулысы № 6/3

2017 жылғы 23 маусым

«Атбасар ауданының
ауылдық округiнiң
құрамына кiрмейтiн
ауылдар мен ауылдық
округ әкiмдерiн сайлау
өткiзу туралы»

2013 жылғы 8 тамызда сайланған Атбасар ауданының ауылдық округiнiң құрамына кiрмейтiн ауылдар мен ауылдық округ әкiмдерiнiң өкiлеттiк мерзiмi аяқталуына байланысты және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi №555 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 6 және 45- тармақтарына сәйкес Атбасар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТI:

1. 2013 жылғы 8 тамызда сайланған Атбасар ауданының Макеевка, Мариновка, Покровка, Полтавка, Сергеевка, Шұңқыркөл, Ярославка ауылдық округтерiнiң және Есенкелдi, Новосельское, Сочинское ауылдарының әкiмдерiн сайлау 2017 жылғы 8 тамыз күнi сағат 10.00-ге белгiленсiн (Атбасар қ., Ш.Уәлиханов көш. 9-үй).

2.Әкiмдердi сайлауға дайындық және өткiзудiң Күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн.

 — Әкiмдiкке кандидаттарды ұсыну 2017 жылғы 9 шiлдеде басталып 13 шiлдеде аяқталады.

 — Әкiмдiкке кандидаттарды тiркеу барлық құжаттарды алғаннан кейiн басталады және 2017 жылғы 23 шiлдеде аяқталады.

Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы                                                   Т. Боранбаев
Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы                                                    В. Штефан

Мақаланы құрған күні 28.06.2017 09:55
Мақаланы жаңартқан күні 28.06.2017 09:55
Қаралым саны: 2501
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы