AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Атбасар ауданының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже

Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
2017 ж.12.01. №а-1/14
қаулысына 2 қосымша


Атбасар ауданының индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi
үйлестiру кеңесi туралы ереже

1.Жалпы ережелер

1. Үйлестiру кеңесi Атбасар ауданының экономиканың орнықты әрi теңгерiмдi өсуi және елдiң бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу мақсатында құрылды.

2. Үйлестiру кеңесi Атбасар ауданы әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

3. Үйлестiру кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтiк басқа актiлерi және осы Ереженi басшылыққа алады.

4. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмi ұсынымдық сипатта болады.

2. Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары

5. Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндетi:

1) дамуы ауданды үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту көзқарасы тұрғысынан маңызды болып табылатын өнеркәсiптiң нақты кiшi салалары мен секторларын айқындау;

2) үдемелi индустриялық-инновациялық даму жолымен экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

3) аудан экономикасын қамтамасыз ету үшiн iске асыру қажет үдемелi индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясат iс-шаралары;

4)инвестициялық жобаларды басымды бағыттарына сәйкес қарау және жинау;

5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнiнде үсыныстарды әзiрлеу.

3. Үйлестiру кеңесiнiң құқықтары

6. Үйлестiру кеңесiнiң өз құзыретi шегiнде:

1) үдемелi индустриялық-инновациялық дамуды iске асыру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды және нормативтiк құқықтық актiлердiң тиiстi жобаларын, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша жасалған жұмыс туралы ақпаратты Ақмола облысы кәсiпкерлiк және өндiрiс басқармасы қарауына енгiзуге;

2) өз жұмысына мемлекеттiк органдардың басшыларын, ғалымдарды, сарапшыларды және мамандарды тартуға;

3) мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға;

3. Жұмысты ұйымдастыру

7. Үйлестiру кеңесiн төраға басқарады, ол оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Үйлестiру кеңесi төрағасының орынбасары атқарады.

8. «Атбасар ауданы кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы болып табылады.

9. Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы Үйлестiру кеңесiнiң жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, оның iшiнде Үйлестiру кеңесi отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды.

10. Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы:

1) Үйлестiру кеңесiнде қарауға арналған ұсыныстарды жинауды жүзеге асырады. Үйлестiру кеңесiнiң қарауына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар енгiзетiн ұсыныстарды қалыптастырады;

2) Үйлестiру кеңесi шешiмдерiнiң орындалуын бақылайды;

3) мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардан Үйлестiру кеңесiнiң мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратады.

11. Үйлестiру кеңесiнiң отырысы өткiзiлгеннен кейiн Үйлестiру кеңесiнiң хатшысы хаттама ресiмдейдi. Хатшы Үйлестiру кеңесiнiң мүшесi болып табылмайды.

12. Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi.

13. Үйлестiру кеңесiнiң отырысын Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы өз бастамасы, Төраға орынбасарының бастамасы, не Үйлестiру кеңесi мүшесiнiң бастамасы бойынша Үйлестiру кеңесiнде қарауға ұсынылатын материалдар негiзiнде шақырады.

14. Үйлестiру кеңесiнiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және егер оған оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, заңды болып саналады. Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерi отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.

15. Үйлестiру кеңесiнiң материалдары мен хаттамалық шешiмдерiн есепке алуды және сақтауды Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс органы жүзеге асырады.

4. Үйлестiру кеңесiнiң қызметiн тоқтату

16. Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң қаулысы Үйлестiру кеңесiнiң қызметiн тоқтату үшiн негiздеме болып табылады.

Мақаланы құрған күні 03.07.2017 09:26
Мақаланы жаңартқан күні 03.07.2017 09:26
Қаралым саны: 2518
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы