Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Борисовка ауылы әкімінің «2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және 2017 жылға қойылған міндеттер туралы» есебі

Құрметтi ауылдастар мен кездесуге келген қонақтар!

Елбасы Жолдауын әдеттегiдей дер кезiнде жария еттi. Дәл бүгiнгiдей, жаһандық дағдарыс кезiнде, оның демеу сөздерi мен мемлекеттi дамытуға бағытталған нұсқаулары бiз үшiн маңызды болды. Бiздiң республикамыз өзiнiң даму кезiнде бiрнеше дағдарысты басынан өткердi. Президенттiң көрегендiгi мен даналығының арқасында бiздiң республикамыз бай-қуатты болып, дами түстi. Жолдау — дағдарыстан шығудың нақты картасы.

Осыдан шығатын қорытынды бiреу — еңбек етсеңiз дағдарыстың ауыртпашылығын оңай еңсересiз. Бұл үшiн бiздiң мемлекетте барлық жағдай жасалған.

1. Халық саны.

Борисовка ауылында халық саны 1071 адам, оның iшiнде ер адамдар 541 адам, әйел адамдар — 530. Кеткендердiң саны -15 адам, келгендердiң саны -3 адам. Өткен жылда көшiп қонудың сальдосы 11 адамды құрады.

Зейнеткерлер саны- 132 адам, мүгедектер саны -29 адам.

663 адам еңбеккеқабiлеттi, оның iшiнде «Аграрное» ЖШС — 112 адам, бюджеттiк салада — 62 адам, байланыс — 1 адам, пошта — 2 адам, энергетика саласында 4 адам, 221 адам өзiн-өзi қамтыған, басқа да жұмыстарда 261 адам жұмыс iстейдi.

2 Көлiк және байланыс.

Пошта бөлiмшесi жұмыс iстейдi. 2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығында мерзiмдi басылымға жазылу 100% орындалды. Ауылда абоненттер саны 237 құрайды. «Beeline», «Kcell» ұялы байланыс қызметi де өз қызметiн атқарады.

Аудандық орталықпен тасымалды 3 жеке меншiк такси жүзеге асырады.

3. Ауыл шаруашылық.

2017 жылдың 1-шi қаңтарда ауыл аумағында 769 бас IҚМ, қойлар мен ешкiлер саны — 834 бас, жылқы — 202 бас, шошқа — 852 бас, 3482 — әр түрлi құстар бар.

2016 жылмен салыстырғанда IҚМ бас саны 0,3 % көбейдi, ал қой және ешкi саны 0,4% көбейдi, жылқы басы сол қалпында қалды. Шошқа басы 21,4% көбейтiлдi.

Ауыл бойынша ауыл шаруашылық жерлерiнiң жалпы көлемi 37832 га, соның iшiнде егiстiк — 23234 га, жайылым — 10758 га, шабындық — 64 га.

Ауыл аумағында «Аграрное» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi орналасқан, ауыл шаруашылық жерлерiнiң көлемi 22412 га, соның iшiнде егiстiк — 18881га, жайылым — 3467га, шабындық — 64га. қамтиды.

Мал саның санағанда: IҚМ -228 бас, жылқылар — 82 бас, шошқалар -71 бас.

Жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң орташа жылдық саны 112адам, орташа жалақы көлемi — 55496 теңге, ал 2016 жылы орташа жалақылары — 45500 мың теңге болған. Ең басты бағыты — өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы. 18881 га көлемге дәндi дақылдар егiлдi, егiн алуы — 9,6 ц/га. Наурыз мейрамының қарсаңында «Аграрное» ЖШС iс-шараны тойлау үшiн 50 000 теңге бөлдi. Сондай-ақ қартайған адамдарды қолдау айлығында «Аграрное» ЖШС 1-шi қазан күнi 282 000 теңге көлемiнде қайырымдылық түскi асын ұйымдастырды.

Алынған субсидиялар: барлығы 27736,3 теңге, соның iшiнде — гербицидтер 27736,3 теңге.

«Бастау» ЖШС ауыл шаруашылық көлемi 10741га, соның iшiнде егiстiк — 3749 га, шабындық — 7444,7га, 3749 га көлемiне дақылдар егiлдi, егiн алуы 13 ц/га.

4 шаруа қожалығы бар жалпы көлемдерi 629 га, осның iшiнде егiстiк — 266 га. Басты бағыты — өсiмдiк және мал шаруашылығы. Олардың иелiгiнде 61 бас IҚМ және 100 қой бар. 8 бас жылқы бар.

4. Әлеуметтiк инфрақұрылым

4.1 Бiлiм беру.

Ауыл аумағында «Атбасар ауданының бiлiм бөлiмiнiң Борисовка орта мектебi» КММ орналасқан. Жаңа оқу жылында 159 оқушы бiлiм алуда. Оқыту тiлi — орыс.

Ұстаздар ұжымы 19 мұғалiмнен құралған. Мектеп интернет желiсiне қосылған компьютерлiк сыныбы, лингофон-мультимедиялық кабинет, интерактивтi тақта бар.

бастауыш сынып Кабинетiнде (1-сынып) электрондық құрал-жабдықтар бар: компьютер+интерактивтi тақта, кең жолақты интернетке қосылған. Мектеп ауданның электронды "Kundelik" оқыту жүйесiне қосылған 18 мектептiн бiрi.

2016 жылы он бiрiншi сыныпты 5 оқушы аяқтады, оның iшiнде бiреуi ВУЗ-ге, төртеуi колледжге оқуға түстi.

Барлық оқушылар ыстық тамақпен қамтылған, олардың 32 оқушысы жалпыға жаппай оқу қорынан тегiн, ал қалғандары ата-ана есебiнен тамақтанады.

Ауылда балаларды мектеп алды оқыту және тәрбиелеу қызметiн «Шаттық» шағын-орталығы атқарады.

Қызметкерлердiң саны 9, балалар алаңы да жабдықталған. Шағын- орталыққа — 45 бала барады.

2016 жылы мемлекеттiк аттестациядан өттi.

2016 жылдың жазында, жылу беру кезеңiне қажеттi 330 тонна көмiр әкелiндi.

4.2 Денсаулық сақтау.

Медицина қызметкерлерiнiң бiрден бiр негiзгi мiндеттерi — ауыл халқының денсаулығы мен жағдайының жақсы болуын қамтамасыз ету. Ауылда медициналық қызмет көрсетудi дәрiгерлiк амболоториялық атқарады. Қызметкерлер саны 4 адам. Жыл сайын халықты флюорографиялық қараудан тексеру жүргiзiлiп отырады. Жоспар бойынша 577 адам, тексерiлгенi — 584 адам. Аналар мен балалардың өлiмi байқалмады. 2016 жылы жұмыспен қамту бөлiмi арқылы 2 адам ДА-ға пеш жағушы болып жұмысқа тұрды. Санитарлық-ағарту жұмыстары жүргiзiлуде. Жүктiлiктi ерте сатысында анықтау мақсатында. Ай сайынғы иммунопрофилактика жүргiзiледi.

4.3 Мәдениет.

Жастардың бос уақытын дұрыс өткiзу үшiн «Аграрное» ЖШС тегiн жалға берген ғимараты бар. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен түрлi мәдени-жаппай iс-шаралар (көркемдiк шығармашылық байқауы, күзгi балл, әскерге шығарып салу, ҚР тәуелсiздiгiне орай концерттер) өткiзiлiп отырады. 2016 жылы 303 мәдени- жаппай iс-шаралар өткзiлдi.

Ауылдық кiтапхана.

Кiтап қоры 29535 дана. Жыл бойы кiтапханада 5951 келушiлер болған. Оқырмандар саны 578 адам. Өткен жылда 82 iс-шара өткiзiлдi (дөңгелек үстелдер, кiтап көрмесi, викториналар). 62 баланы қамтыған 4 үйiрме жұмыс iстейдi. Ауыл аумағында «Нұр Отан» ҰДП партия ұйымы өз жұмысын атқарады, 8- адам зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде қызмет көрсетiлуде. Кiтапханада кiтап көрмелерi, шолулар, әдебиет, сабақ-әңгiме, сайыстар, шығармашылық кештер, көрмелер, көркем фильмдер мен ертегiлер, әдеби музыкалық кештер және басқа да iс-шаралар өткiзiледi.

57 партия мүшесi бар, ауылда атқарылып жатқан барлық iс-шаралардың ұйымдастырушы болып табылады.

4.4 Дене шынықтыру және спорт.

Ауылда сауықтыру өмiр салты бойынша және спортты дамытуда белгiлi бiр жұмыстар атқарылуда. Спорттан әдiскер болмаса да, ауыл жастары түрлi аудандық, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып жүредi. Атбасар ауданыңда Борисовка мектебi мектеп туризмi және өлкетану бойынша негiзi болып табылады. Хоккей корты да бар. Барлық спорттық iс- шараларының ортасы мектептiң спорт залы болып табылады.

28.09.2016 жылы Борисовска орта мектебiнiң орта буын оқушылары (туристер) жолға шығып, облыстық жаяу туризмiнiң техникасы бойынша Зерендi ауданы Садовое ауылыда жарысқа қатысып, 3 орынға ие болды.

8.10.2016 жылы Борисовска орта мектебiнiң оқушылары Атбасар қаласының 4-шi мектебiнде аудандық жарыстарға үстел ойындарынан жарысқа қатысты.

28.11.2016 жылы Борисовска орта мектебiнде оқушылар арасында 2000 жылғы және одан кiшi ауыл мектептерiнiң арасында баскетбол бойынша жарыс өттi жасөспiрiмдер. 3 орынға ие болды.

5.Кәсiпкерлiк.

Ауылда шағын да орта бизнес дамуда. Кәсiпкерлiк экномикалық курстың өсiп келе жатқан күшi болып табылады. Ауылда 5 дүкен бар, төрт адам жолаушылар тасымалдайды, екеуi жазғы уақытта малдарды өрiске шығарады. Жеке кәсiпкерлер саны — 13 адам.

Кәсiпкерлiкпен айлысатындар саны — 17 адам.

2016 жыл бойы Борисовка ауылы Көкшетау қ, Астана қ, Атбасар қалаларындағы жәрмеңкелерiн өткiзу бойынша ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуға белсене қатысты.

6.Көркейту.

"Өңiрлердi Дамыту" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 7 жарықтандыру (орнату) жиынтығын сатып алу үшiн 1,051 мың тг. бөлiндi.

2016 жылы көшелердi жарықтандыру бойынша электр энергияға жергiлiктi бюджеттен 224,3 мың тг. жұмсалды.

Бейбiтшiлiк көшесiндегi жолдың ағымды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, "Объектiлердi жөндеу және абаттандыру шеңберiнде қалаларды және ауылдық елдi мекендер бойынша жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасы бойынша" 6160 мың тг. жұмсалды.

Көктемде ауыл тұрғындарының ауласын «Аграрное» ЖШС механикалық топтарының күшiмен, жеке меншiк трактор иелерiмен қоқыстардан тазалау жұмыстары жүргiзiлдi. 700 тоннадан артық қоқыс шығарылды. «Кювет» акциясы жүргiзiлдi.

Ауылды көркейту жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды 7 адам жұмыс iстедi, оларға мемлекеттен 318 мың теңге төлендi.

Үш ескерткiштiң жөңдеу жұмыстары жүргiзiлдi: Ұлы Отан соғысының естелiк Ескерткiшi, Ленин В.И. Ескерткiшi, Мариин көтерiлiсiне қатысқандар Ескерткiшi

Қыс мезгiлiнде «Аграрное» ЖШС механикалық тобының күшiмен ауыл көшелерiн қардан тазалау жүргiзiледi. Сондай-ақ 4 адам ауылда халыққа жолдарды қардан тазалау қызметiн көрсетедi.

7. Учаскелiк полиция инспекторының жұмыстары

Борисовка ауылында учаскелiк инспектор полиция капитаны Фефелов Сергей Евгеньевич халыққа қызмет көрсеттедi.

Ауыл аумағында 6 қылмыс тiркелдi, олардың 4 ашылды, көркейту ережелерiн бұзғандығы үшiн 40- әкiмшiлiк хаттама жасалды-20. Арнайы емдеу алдын алу мекемесiне -1 адам жiберiлдi.

8. Борисовка ауылы әкiмi аппаратының қызметi .

2016 жылына «Борисовка ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ 54 өкiм шығарылды, әкiмнiң азаматтарды жеке қабылдауында — 3 адам болды, барлығы 3 жиналыс өткiзiлдi.

Жергiлiктi бiрлестiктiң жиыны өткiзiлдi. Жиында Борисовка ауылының жергiлiктi бiрлестiгi жиналысының 8 мүшесi танылды.

Борисовка ауылы аумағында қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты.

9. Салықтар.

2016 жылы Борисовка ауылының бюджетiне келiп түскен барлық салықтар. 39308,2 мың тг. оның iшiнде мемлекеттiк мекемелер — 5293,3 мың тг. ауыл шаруашылығы құралымдарының — 31197,4 мың тг. Шаруа қожалықтарынан — 255,3 мың тг. жеке кәсiпкерлер — 484,5 мың тг. жеке тұлғаларға салынатын жер салығы елдi мекендердiң жерлерiне — 100,8 мың тг. жеке тұлғалардың мүлiк салығы — 64 мың тг. жеке тұлғалардың көлiктерiне салынатын салық 1912,9 мың тг.

Өзектi мәселелер.

Мәдениет үйiн қалпына келтiру, Борисовска орта мектебiн күрделi жөндеудеуден өткiзу өзектi мәселе болып қала бередi.

10. 2017 жылға арналған мiндеттерi.

2017 жылы жалпы соммасы 1,052 мың теңгенi құрайтың жарықтандыру жиынтығын (күн батареялары) орнату жоспарлануда.

Ауылымыздың берекесi мен тiршiлiгi, ауыл әкiмi аппаратының және шағын бизнес қожалықтар басшыларының, бюджеттiк ұйымдардың және тұтастай алғанда халықтар арасындағы ауызбiршiлiкке байланысты, бұл қабiлеттiлiк алдымызға қойылған мақсатқа жетуге мүмкiндiк бередi.

Сөзiмдi аяқтай келе, Сiздерге зор денсаулық, жақсылық тiлеймiн. Назарларыңызға рахмет.

Борисовка ауылының әкiмi:                                                          Тушембеков М.Р.

Мақаланы құрған күні 07.02.2017 18:51
Мақаланы жаңартқан күні 07.02.2017 18:51
Қаралым саны: 2575
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы