Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

«Атбасар ауданы Покровка ауылдық округінің 2016 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық және болашақ даму үдерісінің» ЕСЕБІ

Құрметтi ауылдастар және жиынға қатысушылар!

Бүгiн бiз жергiлiктi тұрғындар алдында өткен жыл бойынша есептi кездесу өткiзгелi отырмыз. 2016 жыл ауылдық округ үшiн жарқын әрi жетiстiкке толы жыл болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы салтанатты түрде тойланды, Мәжiлiстiң партиялық тiзiмi бойынша депутаттарды сайлау жұмыстары, Ақмола облысының әкiмi С.В.Кулагиннiң келуi, Покровка орта мектебi мен ФАП-тың жөндеу жұмыстары мен басқа да ауқымды iс-шаралар атқарылды. Қазақстан Республикасының Президентi, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен тәуелсiздiкке қол жеткiзген 25 жыл iшiнде халқымыз тарихи даму барысында мемлекетiмiздiң мықты елге айналуына септiгiн тигiзiп, көптеген ұлы iстер атқаруда.

2016 жылы ауылдық округте қандай iстер атқарылғаны жайлы Сiздерге ақпарат беруге рұқсат етiңiздер.

Су тасқынына қарсы iс-шаралар. Аудан әкiмiнiң тапсырмасына сай, көктем мезгiлiндегi су тасқынының алдын алу шаралары бойынша жоспар құрылып бiрқатар жұмыстар атқарылды. Ауыл тұрғындары арасынан өз ерiктерiмен Атбасар қаласындағы су бөгетiн қоршау жұмыстарына жiберiлген азаматтар құрамы құрылды. Округ аумағында 66 тұрғыны бар 20 үйге су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргiзiлдi. Мұз жару және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары үшiн «Әрiп-Агро» ЖШС 500 мың теңге көлемiнде қаржы бөлдi. Сонымен қатар су тасқыны қаупi төнген аймақтың тұрғындары мен а/ш жан-жануарларына арналған қауiпсiз орын тағайындалды. 25,1 мың м3 қар шығарылып, 15,7 шм жол тазаланды, 4,2 шм су ағар тазартылды, 300 ш.м бұта шабылды, 18 дана су жiберу құбырлары тазартылды, №6 — 419 га, №16 — 482 га, №17 — 478 га егiс алқаптарына тыңайту жұмыстары жүргiзiлдi. 12 автомобильдi және мамандандырылған техника iске жұмылдырылды. Осы сәттi пайдалана отырып ЖШС, ШҚ жетекшiлерi мен аудан жетекшiлерiне 2016 жылғы су тасқынына қарсы iс-шараларға көмек көрсеткендерi үшiн алғысымды бiлдiргiм келедi. Сiздердiң арқаларыңызда су тасқыны салдарына ешбiр үй апатқа ұшырамай аман қалды.

Әкiмшiлiк iс-шаралар. 2016 жыл барысында жеке тұлғалардан 22 үндеу түстi, соның iшiнде 14 ауызша, 8 жазбаша түрде. Барлық үндеулер Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгiленген уақыттарда қанағаттанарлық шешiм қабылдады. 2016 жылда Покровка ауылдық округi бойынша: Покровка ауылдық округi әкiмiнiң Покровка және Садовое ауылдарында «Атбасар ауданы Покровка ауылдық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық және болашақ даму үдерiсiнiң 2015 жылғы есебi мен 2016 жылға арналған жоспары», Атбасар ауданының әкiмi А.Н.Никишовтың есептi кездесуiнде «Атбасар ауданы Покровка ауылдық округiнiң әлеуметтiк-экономикалық және болашақ даму үдерiсiнiң 2015 жылғы есебi мен 2016 жылға арналған жоспары», ауылдық аумақтарды көгалдандыру сұрақтары, IҚМ жекелеп бағу iсiне бақташыларды сайлау, Покровка ауылында жылқы малын бағу бойынша жылқышыларды тағайындау, Садовое ауылының көшелерiне атау беру iс-шаралары бойынша 6 кездесу өттi.

2016 жылда Покровка ауылдық округiнде 2016 жылға жергiдiктi өзiн-өзi басқару ауылдық округтерi, ауыл, аймақ, аудан тұрғысындағы қала әкiмдерiне пайдалануға берiлген қаржының түсуi мен жұмсалуы жайлы; жергiлiктi мәселелердi шешу үшiн бөлiнген қаржыны бақылау үшiн комиссия құру; «Жұмыспен қамтамасыз ету жол картасы 2020» бағдарламасын қаржыландыру аясында жобаларды бекiту сынды өзектi мәселелер талқыланған 3 кезектi жиыны өттi.

«Атбасар аудандық Покровка ауылдық округi әкiмдiк аппараты КММ» жыл бойы Атбасар аудандық әкiмiнiң Покровка және Садовое ауылының тұрғындарымен өткен есептiк кездесуiндегi, Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң жиналысындағы барлық тапсырмаларын бұлжытпай орындады. 2006-2010 жж.негiзгi қызмет бойынша құжаттар Мариновка мұрағатына тапсырылды.

Ауылшаруашылық төлдердi сәйкестендiру жұмыстары жүргiзiлуде.

2016 жылы Покровка ауылдық округiнде жоспарланған ветеринарлық-профилактикалық шаралары жүргiзiлдi. 2016 жылдың басынан бастап ауылдық округ бойынша 38 ит ұсталып көзi жойылды.

Ауылдық округ әкiм аппаратында халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi, ақпараттық стендтер iлiндi.

Ауылдық округ бойынша жағдайы төмен азаматтармен жұмыстар жүргiзiлiп, «Атбасар ауданы жұмыспен қамтамасыз ету» КММ қаржыландыратын қоғамдық ақылы жұмыстар ұсынылады. 2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 6 адам қатысты (барлығы да Садовое а.тұрғындары). «Қарттар күнi» мерекесiне (аудандық Простор газетiне жазылу, азық-түлiк және ақшалай конверттер) ЖШС және ШҚ жетекшiлерiнен 820 мың теңге бөлiндi. «Тәуелсiздiк күнi» мерекесiне «Әрiп-Агро» ЖШС (азық-түлiк) 540 мың теңге бөлдi. «Жаңа жыл» мерекесiне «Баракат-Агро» ЖШС 150 мың теңге көлемiнде, «Әрiп-Агро» ЖШС 355 мың 310 теңге бөлдi.

Медицина. Бiздiң ауылдық округте жергiлiктi халықты медициналық қызметпен қамтамасыз ету барысында 1 ФАП, 1-МП қызмет көрсетедi. Оларға орта-арнаулы бiлiмдерi бар 4 мед.қызметкерi қызмет көрсетедi. Қазақстан Республикасының 25-жылдық мерейтойына арнап «Әрiп-Агро» ЖШС 11млн.теңге көлемiнде Покровка ауылдық ФАПқа жөндеу жұмысын жүргiздi. Оған жиһаздар, стационарлық 3 орын, кардиограф және жедел жәрдем машинасы кiредi. Жедел жәрдем көлiгiмен 75 мәрте қатынау барысында тұрғындарды медициналық мекемеге (5-i облысқа, 70-ауданға) жеткiзiлдi. 804 адамға флюрообайқау жүргiзiлдi. 3 ауру адам қалыпты жағдайда. Сонымен қатар, жергiлiктi балалар мен ересек адамдарға үнемi профилактикалық жұмыстар жүргiзiлiп отырады.

Бiлiм.Бiздiң аймақта 174 оқушы бiлiм алатын 2 мектеп, 41 бала қатынайтын 2 шағын орталық бар. Педагогикалық кадрлар құрамы — 32 оқытушы.

«Әрiп-Агро» ЖШС жетекшiлiгiмен Покровка орта мектебiне жөндеу жұмысы жүргiзiлдi. Шатырларды айырбастау, пластикалық терезелер орнату, жиһаз алу, мектеп ауласы арнайы тастармен қапталды, жаңа сантехника орнатылды және т.б. жалпы сомасы 90 млн.теңгеге шықты. Құрылыс жұмыстары ауыл тұрғындарының (25 адам) көмегi арқасында уақтылы әрi сапалы орындалды. Инвестор Уалихан Сапиевич Арипов, құрылыс iсi жөнiндегi директордың орынбасары Марат Амангельдинович Жумагулов, Ораз Тулегенович Касенов, жаңа оқу жылында мектептi дайындау барысында еңбегi сiңген құрылыс бригадасына шексiз алғысымызды айтамыз. Мектебiмiз аудан көлемiндегi жақсы мектептердiң бiрiне айналды. Мектеп дәлiзiндегi гүл шоқтары еуропалық стандарттарға сай келедi. Бұл игi iстер ауданымыздың басқа да инвесторларына үлгi.

Дене тәрбиесi және спортпен шұғылдануға арналған 2 спорт залы, футбол алаңы, хоккей корты бар. Волейбол, баскетбол және үстел теннисi үйiрмелерi жұмыс жасайды. Мектеп оқушылары ыстық тамақпен 100% қамтылған.

Ауылшаруашылық. Биылғы жылы Покровка ауылдық округiндегi барлық шаруашылық аумақ 25200га дән алқабын құрады. Дән егiнi орта есеппен 14ц/га құрады. «Әрiп-Агро» ЖШС — 17ц/га, «Садовое-1» 10ц/га. 2016 жыл бойынша Покровка ауылдық округi бойынша 2016 жылы субсидия 16млн. 324 мың теңгенi құрады. Екiжылдық шөп қоры дайындалды.

«Әрiп-Агро» ЖШС есеп кезеңiнде жұмысшылар саны 92 адамды құрады, айлық жалақылары орта есеппен 65 000теңге.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 7,2 млн.теңге Покровка ауылының жалпы аумағы 2285 ш.м. болатын Абай көшесiнiң жолын жөндеу үшiн бөлiндi.

«Аймақтың дамуы» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Покровка ауылында 1 млн.269 мың теңге көшелердi жарықтандыру жұмысына жұмсалды. Аталған жұмыс болашақта жалғасын табады. 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» аясында екiншi бағыт бойынша ауылдың 2 тұрғыны 2,5 млн.теңге көлемiнде несие алды.

Кәсiпкерлiк. Ауылдық округте түрлi саудамен айналысатын 9 жеке кәсiпкер бар. Саудамен 10 адам қамтылған. 14 жеке кәсiпкер мал шаруашылығын дамытумен айналысады.

2016 жылы Покровка ауылдық округi ауылшаруашылық өнiмдерi мен шикiзаттарды сату жәрмеңкесiне белсене қатысты. 4 иесiз қалған бақ ауыл тұрғыны О.А.Хоменкоға игеруге берiлдi. Қазiргi таңда орамжапырақ өсiрiп Атбасар, Астана, Көкшетау қалаларына апарып сату арқылы жемiсiн көрсетуде. Иесiз қалған бақтың пайдаға асқаны қуантарлық iс.

Мәдениет. Покровка ауылындағы мәдениет ошағы және бос уақытты ұйымдастырудың негiзгi көзi «Әрiп-Агро» ЖШС Мәдениет үйi болып табылады. Жыл бойы мұнда көптеген мәдени iс-шаралар, атаулы күндер, демалыс кештерi ұйымдастырылады. «Баракат-Агро» ЖШС, «Әрiп-Агро» ЖШС көмегiмен 800 мың теңгеге музыкалық аппаратура алынды.

Садовое ауылындағы барлық iс-шаралар «Садовое-1» ЖШС мәдениет үйiнде өтедi.

Покровка ауылдық мәдениет үйiнде «Радуга» би үйiрмесi, «Непоседы» балалар вокалдық тобы, барлығы 56 адам мәдениет үйi өмiрiне белсене қатысады.

Садовое ауылының мәдениет үйi жанында «Новая волна» және «Звездочки» би ұжымдары, «Вечеринка» және мұғалiмдер вокалдық тобы, «Абылай мен Аида» дуэтi, баяншы Владимир Бондаренко, гитарист Абылай Шоқпарбаев, Елена Краузе, Светлана Шевченко, Екатерина Янушко, Аида Шоқпарбаева және Абылай Шоқпарбаев сынды жеке орындаушылар қатысқан 30 адам белсене жұмыс атқаруда.

Көгалдандыру. Көгалдандыру және тазалық сақтау айлық жұмысы бойынша төмендегiдей жұмыстар атқарылды: апта сайын сенбiлiктер, таза Бейсенбiлiктер, қоршауларды тазалап, әктеу, бақтарды арамшөптерден жұмыстары жүргiзiлдi.Көгалдандыру жұмысы барысында аймақтан 2900 куб қоқыс шығарылды. Садовое ауылында «Баракат-Агро» ЖШС балалар ойын алаңын құрып және мұз қалашығының құрылысын жасауда үлесiн қосты. Құлаған ескi клуб пен үш үйдiң қалдықтары шығарылды. «Садовое-1» ЖШС су бөгетiн қоршап, қысқы кезеңде жол тазалау жұмыстарын жүргiздi. «Кудрявцев С.Д» ШҚ мектептен қоқыс шығарып, көмiр кiргiзу және жолдарды тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. «Альви» ШҚ бұрынғы Смирновка а. жолдарын қардан аршыды. «Әрiп-Агро» ЖШС құлаған 10 үйдiң қалдықтарын шығарды. Осы сынды жұмыстар бұдан әрi де жалғасын табады.

Автобус-жолаушылық хабарламалар.Ауыл және аудан орталығы арасында Көкшетау-Атбасар, Покровка-Полтавка-Атбасар және Атбасар-Садовое күнiне 2 рет сынды маршрутты автобустар қатынайды. Бұдан басқа жеке «такси» қызметi де бар.

Жылумен жабдықтау.Аудан әкiмiнiң тапсырмасымен мектептерде -37-45С температурасы болған жағдайда қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн қосымша котелдар орналастырылған. Садовое ауылының мектебiнде 3 котел бар (2-жұмыс барысында, 1-қосымша). Покровка ауылының мектебiнде де 3 котел бар (2-жұмыс барысында, 1-қосымша). Сонымен қатар қосымша күште жүйелi және қоректендiру насостары да орнатылған. Барлығы да жұмыс қалпында.

Ауыл тұрғындары пеш қызметiн пайдаланады. Екi айлық көмiр қоры бар.

Құқық тәртiбi.Ауыл округiнiң қауiпсiздiк қызметiн әкiмдiк жанында тiрек пунктiмен, қызметтiк автокөлiк, оргтехника, қызмет телефондарымен жабдықталған полиция подполковнигi Болат Аманжолұлы Балекбаев атқарады. Бүгiнгi күнде учаскелiк қызметкердi тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесi қаралуда. 2016 жылы 5 ұрлық болса, оның 4-i ашылған, 1 адам алкоголизмнен емделу қызметiне жiберiлдi. Көгалдандыру жұмысы бойынша 5 хаттама құрылды, соның 4-i ескерту, ал 1-i 42420 теңге көлемiндегi айыппұл.

2017 жылға арналған тапсырмалаар:

1.Су тасқынына қарсы iс-шараларды жоспарға сай жүргiзу.

2.«Әрiп-Агро» ЖШС 400 бас IҚМ жемдеуге арналған аумақ және 15 адамға ұдайы жұмыс орны белгiленген жұмыс орнын алу.

3.Садовое ауылының су құбырларын жаңарту мақсатында 229 млн. 258 мың теңге көлемiнде қаржы бөлу.

4.Садовое ауылында «Баракат-Аг.ро» ЖШС нан пiсiру наубайханасын ашу

5.Ауыл округiн көгалдандыру.

Құрметтi ауылдастар!

Өз есебiмнiң соңында ауылымыздың одан әрi көркейiп дамуына үлестерiн қосқан ШҚ, ЖШС жетекшiлерiне, ауыл тұрғындарына өз алғысымды бiлдiргiм келедi. Ауыл округiнiң дамып-өркендеуi жолында Елбасымыздың қойған тапсырмаларына құлақ асып, алға қойған жоспарлы бағдарламаларға, мақсаттарға жете бiлуiмiз қажет. Өсiп-өркендеу жолында атқаратын iстер әлi де көп. Iстiң нәтижесi өзiмiзге байланысты. Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн Сiздердiң көмектерiңiз бен түсiнiктерiңiзге арқа сүйеймiз.

Назар аударғандарыңызға алғыс бiлдiремiн!

Покровка ауылдықо кругiнiң әкiмi                                                        Ж.Текенев

Мақаланы құрған күні 07.02.2017 19:41
Мақаланы жаңартқан күні 07.02.2017 19:41
Қаралым саны: 2088
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы