AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша шаралар жүргізу кезіндегі еңбек қызметінің ерекшеліктері

Коронавирустықинфекцияныңтаралуынболдырмаумақсатындатөтеншежағдайенгiзукезеңiне(2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуiргедейiн)барлықжұмысберушiлергеәлеуметтiкжауапкершiлiктiкөрсетiп, жұмысшылардыуақытшақашықтықтанжұмысрежимiнеауыстырудыұсынады.

Технологиялық процесс немесебасқасебептерменжұмысшылардықашықтықтанжұмысқаауыстыруғамүмкiндiкбермейтiнұйымдардажұмыстытолықемесжұмысрежимiндеұйымдастырыңыз (күнделiктiжұмыстың (жұмысауысымының) қалыптыұзақтығыназайтужәнежұмысаптасындажұмыскүндерiнiңсаныназайту).

Еңбек қызметiн iске асыру кезiнде қызметкерлер барлық қажеттi қорғаныс құралдарымен және профилактикамен қамтамасыз етiлсiн, сонымен қатар қызметкерлер денсаулық сақтау органдарының ұсыныстарын сақтасын.

Карантинда болу кезiндеқызметкерлергееңбек ақыны төлеу

ҚазақстанРеспубликасының Бас мемлекеттiкдәрiгерiнiң «ҚазақстанРеспубликасындакороновирустықинфекцияныңтаралуынажол бермеу жөнiндегiшаралардыкүшейтутуралы» 2020 жылғы 12 наурыздағы №19 бұйрығынасәйкескарантиндағыбарлықжұмысшыларға(медициналықмекемеденемесеүйдеболуына қарамастан)еңбеккеуақытшажарамсыздықпарағыберiледi.

Еңбеккеуақытшажарамсыздықбойыншажәрдемақытөлеузаңғасәйкесжүзегеасырылады(Денсаулықсақтаужәнеәлеуметтiк даму министрiнiң «Еңбеккеуақытшажарамсыздықбойыншаәлеуметтiкжәрдемақытағайындаужәнетөлеуқағидасын бекiтутуралы» бұйрығымөлшерi 15 АЕК-тенаспайды).

Қашықтықтан жұмыс режимiне ауысқанкездееңбек ақыны төлеу

Тараптардың келiсiмi бойынша және өндiрiс процесi мүмкiндiк берсе жұмыс берушi карантин мерзiмiне қашықтықтан жұмыс режимiн орнатуға құқылы.

Анықтама:Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексiнiң 138-бабына сәйкес, қашықтықтан жұмыс iстеу жұмыс процесiнде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесiн жұмыс берушi орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Жұмыс берушi жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) бередi және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды көтередi. Жұмыскер меншiктi коммуникация құралдарын тұрақты негiзде пайдаланған жағдайда, жұмыс берушi өтемақы төлейдi, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi жұмыскермен келiсiм бойынша белгiленедi.

Тараптардың келiсiмi бойынша қашықтықтан жұмыс iстейтiн жұмыскерге жұмыс берушi үшiн жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және және басқа да шығыстар) өтелуi мүмкiн.

Қашықтықтан жұмыс iстейтiн жұмыскерлер үшiн жұмыс уақытының тiркелген есебi белгiленедi, оны бақылау ерекшелiктерi еңбек шартында айқындалады.

Бұл жағдайда жұмысты орындау шарттары, жұмыс уақытының есебi, шығындар тараптардың келiсiмi бойынша (жұмыс берушiнiң актiсiмен, еңбек шартымен) белгiленедi, ал жалақы нақты жұмыс iстеген уақыт үшiн төленедi.

Толық емес режимге ауысқан кезде еңбеқ ақы төлеу

Еңбек кодексiнiң 70-бабына сәйкес еңбек қатынастары процесiнде жұмысшы мен жұмыс берушiнiң жазбаша келiсiмi бойынша қызметкер үшiн толық емес жұмыс уақыты белгiленуi мүмкiн.

Толық емес жұмыс уақыты Кодексте белгiленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның iшiнде:

1) толық емес жұмыс күнi, яғни күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;

2) толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң санын қысқарту;

3) күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бiр мезгiлде азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң санын қысқарту.

Бұл жағдайда жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушiнiң құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс iстеген уақыт үшiн төленедi.

Анықтама: толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс iстеу жұмыскер үшiн осы Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келiсiмдерде белгiленген жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтiлiн есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп соқтырмайды.

Өндiрiстi тоқтата тұру кезiнде қызметкерлерге еңбек ақы төлеу

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгiзу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы 285 Жарлығымен iрi сауда нысандарының жұмыс iстеуi шектелген, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердiң және көптеген адамдар жиналатын басқа да объектiлердiң қызметi тоқтатылған.

Еңбек кодексiнiң 112-бабына сәйкес, жұмыс берушiге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу уақытын ресiмдеу тәртiбi және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерiнен кем болмайтын мөлшерде (42,500 теңге) белгiленедi.

Алайда тұрып қалу ақысы жұмыскер мен жұмыс берушi арасындағы тараптардың келiсiмi бойынша ең төменгi жалақыдан жоғары болуы мүмкiн.

Қызметкерлердiң саның немесе штатың қысқарту бойынша

Қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда, жұмыс берушi қызметкердi, егер еңбек ұжымдық шартында одан ұзақ хабарлау мерзiмi көзделмесе, кемiнде бiр ай бұрын еңбек шартының бұзылуы туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

Қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен еңбек шартын бұзу хабардар ету мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн.

Қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда еңбек шарты бұзылғанда, жұмыс берушi қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.

Ақы төленетiн еңбек демалыстарын беруге қатысты

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгiзу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы 285 Жарлығымен iрi сауда нысандарының жұмыс iстеуi шектелген, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердiң және көптеген адамдар жиналатын басқа да объектiлердiң қызметi тоқтатылған.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 93-бабына сәйкес, кезектi еңбек демалысы демалыс кестесiне сай немесе қажет болған жағдайда кестеден тыс тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, жұмыс берушi балаларымен бiрге қалуға мәжбүр болған ата-аналардың бiрiне ақылы еңбек демалысын бередi.

Анықтама: қалыптасқан жағдайды ескере отырып, көптеген қызметкерлерде бұл құқықты бiр уақытта пайдалану қажеттiлiгi туындауы мүмкiн.

Бұлкадрлардыңжетiспеушiлiгiнежәнежұмысберушiлердiңсоныңiшiндедемалыстытөлеугемемлекеттiкбюджеттен, қосымшашығындарына, соныменқатаржұмысшылардыуақытша жұмысқа қабылдауына әкелуiмүмкiн.

Соныменқатар, жұмыскерлерменбұлқұқықтытерiспайдалануынажолбермеумақсатында, екiншiата-анасынаноныңдемалыстаемес (барлықтүрлерiбойынша) жәнежұмыссыземесекендiгiнжәне карантин кезiндеүйдебалаларыныңжанында бола алатынынрастайтынқұжаттарды (жұмыс орнынан анықтамалар және т.б.)ұсынумеханизмiн қарау қажет.

Сондай-ақ, оны бала асырапалушылар мен қамқоршыларғатаралуын қарауқажетдепсанаймыз.

Мақаланы құрған күні 01.04.2020 16:19
Мақаланы жаңартқан күні 01.04.2020 16:19
Қаралым саны: 260
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы