Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТI САЙЛАУШЫЛАР!

2019 ЖЫЛҒЫ 9 МАУСЫМ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң кезектен тыс сайлауы

Сайлау учаскелерiнде дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейiн болады

Сiздiң сайлаушылар тiзiмiнде болуыңыз конституциялық сайлауға қатысу құқығыңызды iске асырудың кепiлдiгi болып табылады.

Сiздiң тұрғылықты жерiңiз бойынша тiркелуiңiз Сiздi сайлау учаскесiндегi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Сайлау учаскелерiнiң шекаралары жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында 24 сәуiрге дейiн жарияланады.

Егер Сiзге кеш дегенде 10 мамырға дейiн сайлау күнi өзiңiздiң тiркелген жерiңiздегi сайлау учаскесiнде дауыс бермейтiңiз белгiлi болса, Сiз уақытша болатын жерiңiздегi әкiмдiкке өзiңiз дауыс беретiн сайлау учаскесiнiң сайлаушылар тiзiмiне Сiздi енгiзу туралы жазбаша өтiнiшпен жүгiнуге құқылысыз.

25 мамырдан бастап Сiз тiркелген жерiңiз бойынша сайлау учаскесiндегi тiзiмдегi өзiңiз туралы деректердiң дұрыстығын тексере аласыз. Қателiктер жiберiлген немесе сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлмеген жағдайда, Сiз учаскелiк сайлау комиссиясына өтiнiшпен жүгiне аласыз, аталған комиссия өтiнiштi келiп түскен күнi қарайды.

Сонымен қатар, елдi мекенiңiзден тысқары жерге баратын болсаңыз, Сiзге дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәләгi елiмiздiң кез келген учаскесiнде дауыс беру мүмкiндiгiн бередi. Есептен шығару куәлiгiн Сiз 25 мамырдан бастап 8 маусым күнгi сағат 18:00-ге дейiн жазбаша өтiнiшiңiздiң негiзiнде және Сiздiң жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсете отырып, өзiңiздiң тiркелген жерiңiз бойынша учаскелiк сайлау комиссиясынан ала аласыз.

Бiр елдi мекеннiң шегiнде есептен шығару куәлiктерi берiлмейдi.

Дауыс беру күнi учаскелiк сайлау комиссиясы есептен шығару куәлiгiңiз бен Сiздiң жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды көрсеткен кезде Сiздi болатын жерiңiз бойынша сайлаушылар тiзiмiне енгiзедi.

Егер Сiз сайлау күнi денсаулығыңыздың жағдайына немесе отбасының сырқат мүшесiн күтуiңiзге байланысты сайлау учаскесiне келе алмайтын болсаңыз, Сiз 9 маусым күнгi сағат 12:00-ге дейiн учаскелiк сайлау комиссиясына үйiңiзде дауыс берудi ұйымдастыру туралы жазбаша өтiнiш беруге құқылысыз. Сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда тұратын сайлаушылар да бұл құқықты пайдалана алады. Учаскелiк сайлау комиссиясы жазбаша өтiнiшiңiздiң негiзiнде Сiздiң үйiңiзде дауыс берудi ұйымдастырады.

Сайлау комиссияларының мiндетi — барлық сайлаушыларға дауыс беру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету.

СIЗДЕРДIҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ!
СIЗДЕРДI САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРIНДЕ КҮТЕМIЗ!

Мақаланы құрған күні 30.04.2019 15:49
Мақаланы жаңартқан күні 30.04.2019 15:49
Қаралым саны: 840
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы