AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Төтенше жағдай кезеңiнде «Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» мемлекеттiк қызметiн алу туралы.

Төтенше жағдай кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның шешiмi негiзiнде «Қайтыс болуды тiркеу, оның iшiнде азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу» мемлекеттiк қызмет онлайн режимiнде электрондық үкiмет порталында (бұдан әрi — ЭҮП) қолжетiмдi.

Халықтың электрондық қызметтерге қол жеткiзуiн кеңейту үшiн ХҚКО-ға бармай ЭЦҚ алу мүмкiндiгi қолжетiмдi.

Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тiркеушi органда жүргiзiледi.

Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi өлген адаммен бiрге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршiлерi, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлерi, жергiлiктi атқарушы орган, қайтыс болған адам тұрған немесе адам қайтыс болған жердегi мекеменiң әкiмшiлiгi немесе мәйiттi тапқан iшкi iстер органы жазбаша немесе ауызша нысанда бередi.

«Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 268-бабында көзделген қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiздер акт жазбаларын мемлекеттiк тiркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық түрде түседi.

           Егер өтiнiш беруге уәкiлеттi адамдар медициналық ұйым белгiленген нысандағы құжатты берген немесе қайтыс болу фактiсiн анықтау немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш бермеген жағдайда, онда тiркеушi орган ақпараттық жүйеге келiп түскен, акт жазбаларын мемлекеттiк тiркеуге арналған, қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiздерге сәйкес қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу туралы жазбаны дербес жүргiзедi.

    Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштi қайтыс болған адамның орналасқан жерi бойынша сот медициналық сараптамасы ұйымының лауазымды адамы жазбаша нысанда бередi.

      Қайтыс болу туралы арызда қайтыс болған адам туралы мәлiметтер: қайтыс болған адамның аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тегi, туған жылы, соңғы тұрғылықты жерi және оның отбасы жағдайы, қайтыс болған жылы, айы және күнi, қайтыс болу себебi, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлiмдеме жасаған адамның аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тегi және тұрғылықты жерi көрсетiледi.

      Қайтыс болуды тiркеу кезiнде қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттар, әскери билетi тiркеушi органға тапсырылуға тиiс.

Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн, қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлерiнiң қатарына жататын басқа да адамдар немесе қайтыс болған сол адамның қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттiк ұйымдар әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне қайтыс болғандығы туралы куәлiк берiледi.

Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлiк мұрагерлiк iсi бар нотариустар берген хабарлама бойынша берiледi.

Мәйiттерi танылмаған және талап етiлмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлiк қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажеттi ақпаратты енгiзгеннен кейiн ғана берiледi.

Қызметтi онлайн түрде мына әрекеттердi орындай отырып алуға болады:

1. Порталда авторлану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өту.

2. Өтiнiмдi толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.

3. Жеке кабинетте ("Қызметтердi алу тарихы" бөлiмiнде) көрсетiлген уақыт iшiнде келiп түсетiн сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарламамен танысу

Қызмет көрсету нәтижесi.

Қайтыс болу туралы куәлiк немесе анықтама, енгiзiлген өзгерiстерiмен, толықтыруларымен және түзетулерiмен қайтыс болу туралы қайталама куәлiк не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Порталда — электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру уақытын тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мақаланы құрған күні 28.04.2020 17:55
Мақаланы жаңартқан күні 28.04.2020 17:55
Қаралым саны: 248
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы