AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Зейнеткерлікке бір ғана өтінішпен

2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлiк жасқа жеткендер үшiн зейнетақыны рәсiмдеу тәртiбi жеңiлдетiлдi. Ендi зейнеткерлiкке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттiк қызметтер «бiр өтiнiш» принципi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн болады.

Бұған дейiн зейнеткерлiк жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келiп зейнеткерлiк жасқа жетуi және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтiнiш беретiн, әрi бiр айдан кейiн қайтадан мемлекеттiк кепiл төлем жасау туралы өтiнiш жазып, сосын Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдердi төлеу жайлы тағы бiр өтiнiш беретiн. Ендi осы 4 қызмет үшiн ХҚО-ға бiр-ақ рет келiп, бiр ғана өтiнiш тастаса жеткiлiктi.

Композиттiк қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерi және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтерi кiрiп отыр. Бұдан басқа, (инфляцияның деңгейi мен зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарнасы, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы соммаларыныңарасындағы айырмасы) мемлекеттiк кепiлдi төлемдердi төлеу проактивтi түрде — адамның мiндеттi қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттiк корпорацияның мамандары зейнеткерлiк жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сондай-ақ 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571 мемлекеттiк кепiлдiк төлемдерiнрәсiмдедi.

Мақаланы құрған күні 15.10.2018 10:50
Мақаланы жаңартқан күні 15.10.2018 10:50
Қаралым саны: 1822
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы