AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Сiздiң телефоныңызға ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзiмi аяқталатыны туралы ескерту SMS келдi ме?

Сiздiң телефоныңызға ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзiмi аяқталатыны туралы ескерту SMS келдi ме?

Онда сiзге келесi ақпарат өте пайдалы:

SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзiңiздiң жеке кабинетiңiзге кiрiп, жарамдылық мерзiмiн тексерiңiз.

Жеке кабинетке сiз интернет-ресурстың басты бетiнен немесе SMS-те көрсетiлген сiлтеме бойынша ауыса аласыз. Ары қарай келесiдей алгоритм бойынша әрекет етемiз:

1. Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректердi толтырыңыз;

2. «Кiлттер тiзiмiн жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзiн (паролiн) дұрыс енгiзген кезде аутентификация кiлтi бейнеленедi. Қол қойып, әрi қарай жұмысқа кiрiсемiз;

3. ЭЦҚ кiлттерiмен жұмыс жасау үшiн «Менiң ЭЦҚ кiлттерiм» бөлiмiне көшемiз. Ашылған мәзiрден «ЭЦҚ кiлттерiн қайта шығару» тармағын таңдаймыз.

4. Электрондық қолтаңбаның қолданылу мерзiмi әлi аяқталмаған жағдайда өтiнiмдi онлайн беруге болады.

5. Бұдан әрi негiзгi жолдарды толтырыңыз, «Өтiнiм беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

6. Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшiн сiз компьютердi таңдасаңыз, өзiңiздiң ЭЦҚ кiлттерiңiзге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгiзiңiз, одан кейiн «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

7. Құпиясөзде төменгi және жоғарғы регистрдегi латын әрiптерi, сондай-ақ сандар болуы тиiс. Құпиясөздiң ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

8. «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тiркеу куәлiктерiн сәттi орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

Құттықтаймыз!

Айтпақшы, ЭЦҚ қолдану мерзiмiн ұзарту да, оны жаңадан рәсiмдеу де тегiн қызмет.

Азаматтарға арналған үкiмет

Мақаланы құрған күні 12.02.2020 10:23
Мақаланы жаңартқан күні 12.02.2020 10:23
Қаралым саны: 467
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы