AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация басшысы Абылайхан Оспанов орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте апта соңына дейiн қазақстандықтарға жеке мәлiметтерiне қолжетiмдiлiкке тыйым салу мүмкiндiгi болатындығын айтты. Қазiргi таңда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлескен жұмыс жүргiзiлiп жатыр.

«Жеке мәлiметтердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн бiз азаматтар өзi туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық.Басқаша айтқанда, тiптi ХҚО қызметкерi де жеке мәлiметтердi көре алмайды, операторлар қандай бiр жеке мәлiметтерге қол жеткiзу үшiн азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиiс», — деп түсiндiрдi Оспанов.

Бұл жоба екi кезең бойынша жүзеге асырылады. Осы аптаның соңына дейiн алғашқы кезеңде электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетiнде мәлiметтерге қолжетiмдiлiкке тыйым салу функциясы iске қосылады. Әрбiр портал қолданушылары осы функция арқылы өзiнiң жеке мәлiметтерiне қолжетiмдiлiктi қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функицясын тек жеке кабинет арқылы ғана жасауға болады.

Екiншi кезең — жеке мәлiметтерге қолжетiмдiлiктi жабу функциясын өшiру үшiн СМС сервистi iске қосу. Яғни егер қолжетiмдiлiк бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгiзген кезде ХҚО операторы қолжетiмдiлiктi ашу туралы СМС-хабарлама алады. Көрсетiлетiн қызметтi алушыдан СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмыскерi қандай да бiр мемлекеттiк қызметтi көрсете алады.

Айта кету керек, бұл сервистi қолдану үшiн қызмет алушы мобильдi азаматтар базасына тiркелуi тиiс. Мұны электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.

Мақаланы құрған күні 09.07.2018 14:34
Мақаланы жаңартқан күні 09.07.2018 14:34
Қаралым саны: 1742
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы