AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Хабарлама

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 49 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Есіл ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 13 мекен-жайы бойынша, 2019 жылғы 05 қыркүйегінен бастап 2019 жылғы 25 қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылдың 26 қыркүйегінде сағат 15.00-де Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 6мекен-жайы бойынша шығарылады.

Лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Алқаптардың құрамы Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауылшаруашылық мамандануы
1 Ақсай ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жақсартылған жайылым 399 14,6 күңгірт-күреңтопырақ суланған мал шаруашылығы
табиғи жайылым 689,4 14
Барлығы: 1088,4 14,2
2 Ақсай ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жақсартылған жайылым 19,7 21,7 күңгірт-күрең топырақ суланған мал шаруашылығы
табиғи жайылым 311,1 22,3
Барлығы: 330,8 22,2
3 Ақсай ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жақсартылған жайылым 265 31,3 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған мал шаруашылығы
табиғи жайылым 11 39
Барлығы: 276 31,6
4 Знаменка ауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жақсартылған жайылым     күңгірт-күреңтопырақ суланған мал шаруашылығы
табиғи жайылым 183,3 43
Барлығы: 183,3 43
5 Красивинский ауылдық округі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жақсартылған жайылым 93 18 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған мал шаруашылығы
табиғи жайылым 73 13,8
Барлығы: 166 16
6 Красивинский ауылдық округі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жақсартылған жайылым 131 25,6 күңгірт-күреңтопырақ суландырылмаған мал шаруашылығы
табиғи жайылым    
Барлығы: 131 25,6
7 Красногорск кенті шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жақсартылған жайылым 139 6,1 күңгірт-күреңтопырақ суланған мал шаруашылығы
табиғи жайылым 261 12
Барлығы: 400 9,9
8 Ярославкаауылы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу жақсартылған жайылым 96 35,6 күңгірт-күреңтопырақ суланған мал шаруашылығы
табиғи жайылым 88 30,7
Барлығы: 184 33,3

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

3) тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындау;

Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Есіл ауданы әкімдігінің http://esil.gov.kz/интернет-ресурстарында немесе «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 87164721647 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Мақаланы құрған күні 07.08.2019 16:33
Мақаланы жаңартқан күні 07.08.2019 16:37
Қаралым саны: 1102
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы