AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Зейнетақы активтерiн басқару бойынша толыққанды есеп enpf.kz сайтында жарияланған.

Алматы, Қазақстан — 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң көлемi — 10 798,31 млрд теңге болды.

БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол «Көрсеткiштер»-«Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c7/3c70a3b031ce2f6ead2f84c6fa86d3ce.pdf.

2019 жылы зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 6,57 пайызды құрады. Ал инфляция деңгейi осы кезеңде 5,4 пайыз болды. Бұл зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы оң сипатқа ие екендiгiн көрсетедi.

2019 жылы есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 699,77 млрд теңгеге жеттi. Зейнетақы активтерi бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

–бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түрiндегi табыстар 665,06 млрд теңге;

–бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған табыстар (шығындар) (35,35) млрд теңге;

–шетелдiк валютаны қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) (7,37) млрд теңге;

–сыртқы басқарудан түскен табыстар 12,94 млрд теңге;

–басқа активтердi (ТҚҚ) қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) 19,8 млрд теңге;

–басқа да табыстар 44,69 млрд теңгенi құрады.

Қордың зейнетақы активтерi портфелiнiң басым бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына (40,45 пайыз) тиесiлi. Өйткенi ол тұрақты және табысты қаржы құралы. Бұл бағалы қағаздардың ағымдағы құны — 4 368,01 млрд теңге. Жыл басынан бергi өсiм — 7,64 пайыз. Есептi күнге қарай теңгеде номиналданған ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуiне қатысты орташа алынған табыстылық жылына 7,8 пайыз, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайыз болды.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай шет елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының (МБҚ) ағымдағы құны — 1 235,06 млрд теңгенi құрап, портфельдегi үлесi — 11,44 пайызды көрсеттi. Есептi күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелiндегi шет елдердiң МБҚ өтелуiне қатысты алынған орташа табыстылық шетел валютасында жылына 2,2 пайызды құрады.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдары облигацияларының портфельдегi үлесi — 14,86 пайыз болды. Осы қаржы құралының ағымдағы құны — 1 604,96 млрд теңге. Жыл басынан бергi өсiм — 23,47 пайыз. Есептi күнге қарай ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының теңгеде номиналданған облигациялары бойынша алынған орташа табыстылық жылына 10,4 пайызды, ал АҚШ долларында 5,0 пайызды көрсеттi.

Қазақстанның екiншi деңгейдегi банктерiнiң қаржы құралдары былайша көрсетiлген: портфельдiң 10,96 пайызы осы банктердiң облигацияларына тиесiлi. Олардың ұлттық валютадағы жылдық табыстылығы — 10,0 пайыз, ал АҚШ долларында — 6,4 пайыз. Депозиттердiң үлесi — 2,36 пайыз, ал олардың орташа алынған жылдық табыстылығы теңгеде — 9,1 пайыз.

Атап өту керек, 2019 жылы зейнетақы активтерiн Қазақстанның екiншi деңгейдегi банктерiнiң депозиттерiне орналастыру көлемi 22,74 млрд теңгеге (немесе 8,19%) төмендедi.

Қордың зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелi валюталық тұрғыда былайша келтiрiлген: ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемi — 66,69 пайыз, АҚШ долларында — 30,20 пайыз, басқа валюталарда — 3,11 пайыз болды.

Қордың сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келедi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 27.01.2020 18:06
Мақаланы жаңартқан күні 27.01.2020 18:06
Қаралым саны: 581
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы