AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

2018 жылғы қаңтар-ақпанда Атбасар ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындалу барысы туралы ақпарат

(2019 жылғы 1-шілдедегі жағдай бойынша )

№ р/с Тапсырма Орындалу мерзімі Кімге тапсырылды Орындалуы туралы ақпарат
1. Покровка а. су құбырлары желілерінің құрылысы. 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін, орындалу мерзімі 2019 жылғы 1-қыркүйекке дейін ұзартылды Қамбатыров Б.Т. –Атбасар ауданы әкімінің орынбасары,Мороз Г.В.- «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы» 2018 жылдың 1-тоқсанында Покровка ауылында су құбыры желілерін салуға конкурстық рәсімдер өткізілді, 2018 жылдың 19 сәуірінде жеңімпаз «Бирюза и К» ЖШС 216 126,4 мың теңге сомасына жұмыстың аяқталу мерзімімен 31.08.2019 жылға дейін № 18 шарт жасалды.Техникалық қадағалауды «Servic Pro Co» ЖШС,
Авторлық қадағалауды «Евростройсервис-Көкше» ЖШС жүзеге асырады.Аталған нысанды іске асыру 2018 және 2019 жылдарға жоспарланған.2018 жылға АБ-тен 141929,0 мың теңге, ал АБ-тен 21777,35 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді. 2018 жылдың 20 желтоқсанына бөлінген 163706,4 мың теңге толық көлемде игерілді.2019 жылға Атбасар ауданы Покровка ауылында су құбыры желілерінің құрылысын аяқтау үшін АБ-тен 53 658,2 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.Қазіргі уақытта келесі жұмыс түрлері өткізілді:Қазіргі уақытта келесі жұмыс түрлері өткізілді:- магистральды су құбыры салынды-100 % (3 км);- 122 су құбыры құдығы орнатылды;- екі ұңғыма бұрғыланды;- таратушы кенттік желілер-19 км;- бірінші көтеру ұңғымасының құрылысы -90%;- екінші көтеру ұңғымасын орнату -90%;- екі трансформаторлық қосалқы станцияны орнату;-су құбырын электрмен жабдықтау -120 м;- КТП қоршауын және су қысымды құрылыстарды монтаждау-294,6 м;- металл қақпаларды монтаждау.Покровка ауылында су құбыры желілерін салу жұмыстары жалғасуда.
Мақаланы құрған күні 27.06.2019 10:44
Мақаланы жаңартқан күні 27.06.2019 10:47
Қаралым саны: 976
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы