AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні

Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы өзiнiң барлық филиалында «Ашық есiк күнiн» өткiзедi.

Күннiң басты тақырыбы — «Ерiктi зейнетақы жарналары — өзiңiздiң және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазiр — бұл зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиi талқыланатын мәселелердiң бiрi. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтiп тұрғанын айтып бередi.

Сонымен қатар бұл iс-шара мақсаты — зейнетақы жүйесiнiң жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешендi хабарландыру.

Iс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тiлектерi мен ескертулерiн айту мүмкiндiгi берiледi.

Сiздердi «БЖЗҚ» АҚ кеңселерiнде күтемiз!

Бiз сiздердi Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 29 Б мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалының кеңсесiнде күтемiз.

Мақаланы құрған күні 10.09.2019 17:41
Мақаланы жаңартқан күні 10.09.2019 17:41
Қаралым саны: 833
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы