AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Мариновка а/о әкімі

Калиев Жанболат Нұрмұхамбетұлы

Калиев Жанболат Нұрмұхамбетұлы, Целиноград облысы (қазiргi Ақмола), Астраханка ауданы, Ұзынкөл ауылында, 18.06.1973 жылы дүниеге келдiм. Ана тiлiм — қазақ тiлi, орыс тiлiнде еркiн, ағылшын тiлiн сөздiкпен сөйлей аламын.

1980-1987 жылдары Астраханка ауданы, Қайнар ауылының орта мектебiнде оқыдым.

1980-1989 жылдары Мариновка ауданы (қазiргi Атбасар ауданы), Мариновка ауылының орта мектебiнде оқыдым. Одан кейiн 1989-1990 жылдары Целиноград қаласының Макаренко атындағы N32 орта мектебiнде оқыдым.

1991 жылы ДОСААФ тех.мектебiн бiтiрiп, жүргiзушi — мамандығын алдым.

2004 жылы Астана қаласындағы "Тұран" университетiн "құқықтану" мамандығы бойынша бiтiрiп шықтым.

2009 жылы Казпотребсоюз Қарағанды экономикалық университетiн "экономика" мамандығы бойынша бiтiрiп шықтым.

1990 жылы Целиноград қаласының Қырқыншы бекетiндегi 34634 ә/б көмекшi жұмыскер болып жұмысқа қабылдандым. Әскери борышымды өтеуге шақыртылуыма байланысты жұмыстан босатылдым.

1994-2018 жылдар аралығында үздiксiз Астана қаласында Қазақстан Республикасының iшкi iстер органында қызмет еттiм, еңбек өтiлiмi бойынша және қызметтегi жас шегiне жетуiме байланысты Қазақстан Республикасының әскери қызметкерi резервiнде жұмыстан босатылдым.

1991-1993 жылдары ҚР ӘҚ әскери қызметте болдым, Аягөз қаласының (бұрынғы Семипалатинск обл., қазiргi ШҚО), Үшарал қаласының(бұрынғы Талдықорған облысы)02454 ә/б-нде. Әскерге Целиноград қалалық әскери комиссариятымен шақыртылдым, взвод командирiнiң орынбасары қызметiндегi сержант шенiнде босатылдым.

2019 жылдың мамыр айынан бастап отбасыммен бiрге Атбасар ауданы, Мариновка ауылында тұрады.

2019 жылдан бастап Мариновка ауылдық округiнiң әкiмi болып жұмыс iстейдi.

Мақаланы құрған күні 16.03.2018 18:00
Мақаланы жаңартқан күні 27.03.2020 13:49
Қаралым саны: 7080
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы