A- A A+
Официальный интернет-ресурс Атбасарского района
Адресная социальная помощь

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 1 сәуiрiнен бастап атаулы әлеуметтiк көмек (АӘК) критерийлерiнiң мөлшерi 14 849 тенгеден 20 789 теңгеге өседi, сонымен қатар басқа да жаңашылдықтар енгiзiледi.

Атаулы әлеуметтiк көмек (АӘК): 2019 жылдың 1 сәуiне дейiн және кейiн

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек- жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң жартысынан аспайтын азаматтарға ұсынылатын ақшалай төлем.

Қазiргi уақытта (1 сәуiрге дейiн) атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң басты шарты — отбасының әр мүшесiне бөлiнетiн табыс 14 849 теңгеден аспауы тиiс.

2019 жылдың 1 сәуiрiнен бастап атаулы әлеуметтiк көмек (АӘК) критерийлерiнiң мөлшерi 14 849 тенгеден 20 789 теңгеге өседi

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәлiметi бойынша: 2019 жылдың 1 сәуiрiне дейiн АӘК мөлшерi күнкөрiс деңгейiнен 50%-ды құрайды немесе 14849 теңге (мысал ретiнде 4 балалы ана алынды). Отбасы табысы 50 мың теңге. Егер осы табысты 5 адамға бөлсе (отбасы мүшелерiнiң саны), бес адамға бұл табыс 10 мың теңгеден тиедi. Бүгiнгi күнде АӘК көрсету критерийi 14 849 теңгеге тең, осыдан отбасы табысы — 10 мың теңгенi алып тастаймыз, айырмашылық 4 849 теңге — бұл отбасының әр мүшесiне арналған көлем.

Осы сома- отбасының бiр мүшесi көлемiн 5 адамға көбейткен кезде 24 245 мың теңге сомасында АӘК мөлшерiн аламыз.

1 сәуiрден бастап, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету критерийi 20 789 теңгеге дейiн көтерiледi. Мысалға сол отбасыны алсақ, отбасылық табысы 50 мың теңге болатын, кәмелет жасына толмаған төрт баланы тәрбиелеп отырған анаға 10 789 теңге берiледi. Бұл сома критерий — 20 789 теңгеден 10 мың теңгенi алып тастағанда шығады және бұл көлем тек анасына берiледi. Ал балаларға 20 789 теңге мөлшерiнде бекiтiлген сома берiледi. Сөйтiп, төрт балаға — 83 156 теңге және анасына 10 789 теңге бөлiнедi. Жалпы алғанда, балалар мен анасы 93 945 теңге атаулы әлеуметтiк көмек алады. Осылайша, атаулы әлеуметтiк көмек көлемi 3,9 есе артады. 93 945 теңге атаулы әлеуметтiк көмек пен 50 мың теңге табысты қосқанда, мысалға келтiрiлген отбасының жалпы табысы 143 945 теңгенi құрайды.

1 сәуiрге дейiн бiр отбасына есептегенде 24 245 мың теңге болды. 1 сәуiрден кейiн 143 945 мың теңге.

Отбасылық табыстың жалпы есебi өте жеңiлдетiлген.

Бiр отбасының жалпы табысын есептеу шарттары өзгередi.

Осылайша, бүгiнгi күнi төмендегiлер ескерiледi: жалақы, жеке қосалқы шаруашылықтардан (ЖҚШ), 4 және одан көп балалы көп балалы отбасыларға жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқамен марапатталған, көп балалы аналарға арналған жәрдемақы, мүгедектiгi бойынша жәрдемақы, стипендия және басқалар.

Ал 2019 жылғы 1 сәуiрден бастап критерийге жалақы, ЖҚШ түскен табыс және басқалары кiредi.

Осылайша, жаңа форматта АӘК үш төленген төлемдердiң орнына төленедi және оның көлемi бұрын төленген жалпы сомасынан асып түседi. Жана нысандағы Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау бойынша ақпаратты алу үшiн «Ақмола облысының Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ-не хабарласыңыз.

Дата публикации: 24.04.2019 12:23
Последние изменения страницы: 24.04.2019 12:23
Количество просмотров: 712

egov.kz - государственные услуги и информация онлайн

 


@2019 ГУ «Аппарат акима Атбасарского района»
Яндекс.Метрика

Почтовый адрес:

Телефон:

Электронная почта:

Акмолинская область, Атбасарский район, город Атбасар, ул.Ч.Валиханова, 9

8 (71643)-2-43-43, 2-48-64

atbasar_it@akmo.kz

По вопросам оказания государственных услуг обращаться по телефонам: 8 (71643) 2-61-19