AA

Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы

Бүгiн Атбасар ауданының әкiмi Аманбек Калжановтың төрағалығымен КВИ жөнiндегi комиссия отырысы болып өттi (Жедел штаб)

Бүгiн Жедел штаб отырысында атқарылған жұмыстардың аралық қорытындысы шығарылып, алдағы мiндеттер белгiлендi. Отырыс барысында полиция, әлеуметтiк қорғау және Атбасар аудандық тауарлар мен қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау басқармасының бөлiмдерiнiң басшылары есеп бердi.

Аудан әкiмi ТЖ режимiнiң аяқталуына қарамастан, жалпы эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанша Атбасар ауданының аумағында шектеу iс-шараларын одан әрi жалғастыру қажет екенiн атап өттi.

А. Қалжанов тиiстi қызмет органдарына шектеу шараларын сақтау мәселесiн бақылауға алуды және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Мақаланы құрған күні 15.05.2020
Қаралым саны: 202
© 2020. Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы