A- A A+
Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсы
Атбасар ауданында Наурыз мейрамын мерекелеу

Бүгiн орталық алаңда аудан орталығының тұрғындары мен қонақтары үшiн Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған салтанатты шаралар өтуде!

Мереке көркем театрландырылған қойылыммен ашылды. Одан кейiн Атбасар ауданының әкiмi Қалжанов А.Ә. құттықтау сөздерiн айта келе Наурыз мерекесiнiң ғасырлық тарихына қарамастан, халықтың жадында сақталып, бiздiң мемлекетiмiздiң көптен күткен тәуелсiздiгiмен бiрге елге оралғанын атап өттi. Этносаралық қатынастар саласындағы мақсатты және теңгерiмдi мемлекеттiк саясаттың арқасында Қазақстанда бейбiтшiлiк пен өзара түсiнiстiк басым. Өйткенi бiздiң отанымыздың гүлденуi жолында бiздiң басты құндылығымыз — бұл бiздiң бiрлiгiмiз. Негiзгi жетiстiк — Тәуелсiздiк жылдарында қалаған достық пен келiсiмнiң берiк негiзi.

Алаңда Наурыз көже, бауырсақ, палау және басқа да мерекелiк тағамдар дайындалған киiз үйлер мен алтыбақан орнатылған. Киiз үйлерде жиналғандарға ұлттық дәстүрлер мен салт-жоралар көрсетiлдi. Сондай-ақ алаңда мерекелiк байқаулар, спорттық турнирлер мен жарыстар өткiзiлуде. Мұнда әркiм өз бақтарын сынай алады.

Мақаланың шыққан күні: 22.03.2018
Қаралым саны: 608

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9

8 (71643)-2-43-43, 2-48-64

atbasar_it@akmo.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (71643) 2-61-19